ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте Астананы дамыту барысы талқыланды

Үкіметте Астананы дамыту барысы талқыланды

Әлеумет 07.08.2023, 04:44 943
Үкіметте Астананы дамыту  барысы талқыланды
primeminister.kz
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп...

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 



Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын, 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасын және Көгалдандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.



Сонымен қатар қала басшысы 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы туралы айтып берді. Бұл тұрғын үй құрылысының қазіргі қарқыны сақталса, 2026 жылға дейін жылу энергиясы қорын жинауға мүмкіндік береді.



Сумен жабдықтау бойынша ұзындығы 44 шақырым су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Нұра жер асты суларынан жүретін арнайы құрылыстар кешенін, Тельман сорғы станциясын кеңейтуді, Қ. Сәтпаев каналынан жүретін жаңа су құбырының жобаларын және төртінші сорғы-сүзгі станциясын пысықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарлардың орындалуы 2035 жылға дейін қажетті қорды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы жоқ.



Көлік инфрақұрылымын дамытуға келетін болсақ, биыл автожолдарды салу және жөндеу, сондай-ақ Тәуелсіздік көпірін аяқтау бойынша 30 жоба іске асырылуда. Алдағы уақытта Тәуелсіздік даңғылын Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғастыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, бұл сол жағалаудағы негізгі артериялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Оған қоса Газмашаппаратура ауданында (Кенесары көшесінің бастапқы жағы) екі көпір салу пысықталуда, олар Тұран даңғылы мен Айтматов көшесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.



Сонымен қатар елорда әкімі үлескерлердің мәселелерін шешу, ірі кәріз-тазарту құрылысын жобалау, LRT жобасын жүзеге асыру және басқа да бірқатар мәселені пысықтау туралы айтып берді.


Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы өз салалары бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабев, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады.


Премьер-Министр елорданы дамыту мәселелерін шешу Үкімет жұмысының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.



«Мемлекет басшысы атап көрсеткен барлық мәселе бойынша қажетті шараларды іске асыруды жалғастыру керек. Атап айтқанда, елорда әкімдігі бөлінген қаржыландыруды пайдалана отырып, барлық инфрақұрылымдық жобада, оның ішінде үлескерлері бар проблемалық құрылыс нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.



Сонымен қатар Премьер-Министр республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде Астананың басым жобаларын қаржыландыруды қарастыруды, сондай-ақ жыл соңына дейін Елорда агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп, оны Үкіметке енгізуді тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.