AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкіметте Алматының даму мәселелері қаралды 

Үкіметте Алматының даму мәселелері қаралды 

Әлеумет 17.04.2023, 16:10 1,113
Үкіметте Алматының даму мәселелері қаралды 
Суреттерді түсірген Ш.Шахай

Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын талқылады



Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы агломерациясын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдардың басшылары 10 наурызда Үкімет басшысының Алматыға жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Әңгіме отандық тауар өндірушілерді қолдау, «Алтынкөл» теміржол стансасын дамытудың бас жоспарын әзірлеу, бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін кеңейту және құрылыс саласындағы бақылауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы болды.



Алматының үлгісімен республиканың барлық өңірлерінде шағын өнеркәсіп парктерін құру бойынша қадамдар әзірленгені жеке атап өтілді. 


Кеңеске қатысушылар оңтүстік астанадағы сауда ағынын оңтайландырып, көлік инфрақұрылымын жеңілдететуге мүмкіндік беретін көтерме тарату және сауда-логистикалық орталықтар желісін дамыту жоспарларын да талқылады. Сонымен қатар Алматы қаласының бас жоспарын және Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу туралы, сондай-ақ қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, ауқымды сейсмоаудит жүргізу туралы баяндама жасалды.



Премьер-Министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін атап өтті.



«Агломерацияны есепке алатын болсақ, Алматы – халық көп шоғырланған еліміздің ең маңызды өңірлердің бірі. Сондықтан әкімдік пен бизнес тарапынан қойылған түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Жұмыс сапарының қорытындысына сәйкес 28 тапсырма берілді, мемлекеттік органдар оларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.



Сондай-ақ кеңесте Алматы қаласының индустриялды аймағын кеңейту, экологиялық мәселелерді шешу, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға отандық тауар өндірушілерді тарту, 100 жаңа ірі қосымша білім беру нысанын салу, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #смайлов #Алматы #даму #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);