AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгед...

Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Әлеумет 20.03.2025, 09:52 765 Nursok82
Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Сурет: Baraev.kz

ҚР Үкіметінің резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қаулы Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемін 2 есеге ұлғайту және топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейін ғылыми негізделген қажеттіліктің 50%-на дейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қабылданды.

Құжат Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде қаражат аударуды көздейді. 

Бірінші кезекте, қаражаттың негізгі көлемі минералды тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігін іске асыруға бағытталған. Өткен жылдың наурыз айында АӨК-ті қолдау шеңберінде тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау тетігі енгізілгені белгілі. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған тыңайтқыштарды жеткізу үшін отандық зауыттардың арнайы шоттарына алдын ала аударылады. 

Қабылданған шаралар есебінен алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми негізделген қажеттіліктің 40%-на жетті (2024 жылға дейін 21%-дан аспаған). Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық кезеңінде Үкіметтің уақтылы қаржылық қолдауы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқыштармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде жоғары әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаулы #тыңайтқыш #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);