AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған і...

Үкімет Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

Әлеумет 03.03.2023, 15:00 1,714
Үкімет Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
Сурет: Ашық дереккөз

Мерейтой аясында 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда


Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеңеске мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, ғылым және жоғары білім, ақпарат және қоғамдық даму, оқу-ағарту, сыртқы істер вице-министрлері және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ЖОО ректорлары, тарихшы-ғалымдар, Жазушылар Одағы, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және т. б. қатысты.


Отырыста Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланып, бірауыздан бекітілді.


Мерейтой аясында 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда, олардың 50-ге жуығы халықаралық және ұлттық деңгейде өтеді. Бұл іс-шаралар ұлы батырдың мұрасын мәдени-танымдық және ағартушылық бағыттарда насихаттауды көздейді.


Мәселен, Каир қаласында Сұлтан Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуы, Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндері, Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқова атындағы филармониясының, «Сүгір» ұлттық аспаптық оркестрінің концерті өтеді.


Сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесіп Түркітілдес елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық жарысын (мүшайра), Каир қаласынан Түркістанға ислам өнері мұражайы қорынан «Мәмлүктер дәуірі» жылжымалы көрмесін өткізу жоспарланып отыр.


Кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов біздің құндылықтарымызды құрметтеу, әл-Фараби, Абай, Бейбарыс Сұлтан сияқты алып тұлғалардың ұлы істерін дәріптеу ұрпақтар алдындағы ортақ парыз екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сұлтан Бейбарыс #800 жылдық #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);