AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Үкімет Қазақстанда оқу жылын ұзартуды қолдады

Үкімет Қазақстанда оқу жылын ұзартуды қолдады

Білім және ғылым 16.08.2022, 06:33 1,431
Үкімет Қазақстанда оқу жылын ұзартуды қолдады
Сурет: 24.kz

Аймағамбетовтің айтуынша, көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанда жазғы каникул тым ұзақ.


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының ұзартылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министр жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.



«3,6 миллион оқушыны қамтитын 7 637 мектеп бар. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, ұзақтығы - 36 апта, яғни жаз мезгілі балалар каникулы болады», - деді Аймағамбетов Үкімет отырысында.



Ол білім беру саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда Қазақстанда жазғы каникул ең ұзақ екенін айтты.



«Демалыс және мереке күндерімен қоса балалар жыл бойы 192 күн демалады, ал 173 - бір жылдағы оқу күндерінің саны. Біз зерттеу және талдау жүргіздік және бірінші сынып оқушыларының үш тілді меңгеруі қиын екенін көрдік, сондықтан екінші және үшінші тілді меңгеру үшін бала ең алдымен өз ана тілінде оқып, жазуды үйренуі керек деген шешімге келдік», - деді ведомство басшысы.



Осылайша, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде бірінші сыныптан бастап балалар тек қазақ тілін, екінші сыныптан бастап орыс тілін оқуды бастайды.



«Барлық мектепте үшінші сыныптан бастап оқушылар ағылшын тілін меңгереді. Сонымен қатар, балаларды еңбекке баулу мақсатында бірінші сыныптан бастап «еңбекке баулу» және «бейнелеу өнері» пәндері енгізіледі», - деді министр.



Премьер-министр оқу жылының ұзаруынан қандай нәтиже күтілетінін сұрады.



«Бұл бір жағынан оқушыларға түсетін жүктемені азайтса, екінші жағынан оқу процесі 31 мамырда аяқталады. 1,5 миллион бала бес күндік оқу аптасына өте алмады. Енді бізде қосымша 36 күн каникул болады, балалар оны өз қалауынша пайдалана алады. 100-ден аса мектепте үш ауысымда жұмыс істеу қаупі болды. Дегенмен, инновациялардың келуімен олар екі ауысымда жұмыс істейтін болады», - деп жауап берді Аймағамбетов.



Сөз соңында оқу-ағарту министрі енгізілген өзгерістер арқасында 1,5 миллион балада 36 күн қосымша демалу мүмкіндігі болатынын баса айтты. Премьер-министр бұл ұсыныстарды Үкімет қолдайтынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #каникул #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);