AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет мұнайды Каспий құбырына балама жолдармен эк...

Үкімет мұнайды Каспий құбырына балама жолдармен экспорттауды көздеп отыр

Әлеумет 20.05.2022, 10:35 1,130
Үкімет мұнайды Каспий құбырына балама жолдармен экспорттауды көздеп отыр
Сурет: Re-st.ru

Бұл өте күрделі мәселе.


ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай тасымалы бойынша Каспий құбырына балама маршруттардың сыйымдылығын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылып жатқанын жеткізді, деп Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 



«Каспий құбыр консорциумы жайлы айтатын болсақ, бұл негізгі экспорттық маршрут. Негізгі жөндеу жұмыстары аяқталды. Соңғы ең шеткі айлақ жоспар бойынша айдың соңына дейін жөнделеді. Негізінде, маршрут штаттық режимде 100 пайызға жұмыс істеп тұр деуге болады. Бізде балама жолдар бар. Бірақ Каспий құбыры сияқты үлкен көлемде емес. Өйткені жылына 54 миллион тонна мұнайды тасымалдайтын балама жолды бір түнде табу мүмкін емес»,- деді ведомство басшысы елорда тұрғындарымен кездесуі кезінде.



Оның айтуынша, мұндай көлемді орналастыру үшін кем дегенде үш жыл қажет.



«Тіпті Қытайға жетізетін балама жолдың қуаты 20 млн тонна ғана. Мүмкіндікті кеңейтеміз деген күннің өзінде Қытай сонша көлемде мұнай алуға дайын ба деген мәселе бар. Ол маршрут бойынша жалғыз тұтынушы ғана бар – Қытай. Олардан басқа ешкім тұтына алмайды. Баку маршрутын балама ретінде қалыптастыру инфрақұрылым тұрғысынан өте ұзақ. Әуелі портты қалпына келтіріп, кейін көлемін ұлғайта бастау керек болады. Екінші құрық портын орнатып, мұнай құбырын тарту керек. Танкерлер табу қажет. Каспидің табаны таяз болғандықтан онда кез келген танкер жүзе алмайды. Тек 12 мың тонналық танкерлер ғана жүзе алады»,- деді Болат Ақшолақов.



Ол Баку тарапы Қазақстан тасымалдайтын көлемдегі мұнайды қабылдауға дайын болмауы мүмкін екенін қоса айтты.



«Осының бәрін ескерсек бұл мәселе өте күрделі. Бірақ біз балама нұсқаларды қолданамыз. Бүгінде мұнайдың бір бөлігін осы балама жолдарға жөнелтіп жатырмыз. Бұл 16,5 млн тоннадай болады. Әрине, ол 54 млн тонна емес. Біз басқа бағыттар бойынша жүк тасымалдаймыз. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Бірақ біз басқа да тәсілдерін қарап жатырмыз»,- деді министр.



Шарадан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында Каспий құбырына балама жол төсеудің мүмкіндігі туралы түсініктеме берді. Айтуынша, Баку бағыты бірнеше жылдың ішінде инфрақұрылым төсеуге болады. Бірақ оны резервте ұстап тұрудың шығыны орасан көп болуы мүмкін.



«Құбырға қызмет ету шығындары болады. Мысалы құбыр төсеп, басқа елдің аумағына порт салынды дейік. Ол портты жалдау ақысын мұнай тасымалдасақ та, тасымалдамасақ та төдеу керек болады. Осындай түрлі шығындар бар. Қазір соның бәрін зерделеп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #құбыр #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);