AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекіт...

Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті

Әлеумет 28.04.2022, 11:02 1,382
Үкімет жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті
inform.kz

Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген автонесие бағдарламасын бекітті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Қазіргі уақытта жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Жасыл даму» АҚ-дан қажетті қаражатты аударуға байланысты процедуралар жүргізіліп жатыр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, елімізде 2015 жылдан бері жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жұмыс істейді.


2021 жылдың мамырына дейін 82 млрд теңге бөлігіп, осы жылдың 31 наурызындағы деректерге сәйкес, аталған сомаға 30 мың көлік сатып алынды және 162 млрд теңгеге займ берілді.



«Жеңілдетілген автонесие алуға ниет танытушылар тарапынан сұраныстың жоғары екендігін ескере отырып, екінші деңгейлі банктер жаңа өтінімдер қабылдап жатыр. Бірақ, қаражат олардың босауына орай берілетін болады. Бағдарлама Халық банк, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Центркредит банк және Форте банк сынды екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады», - деді Комитет төрағасының орынбасары.



Олжас Сапарбековтің айтуынша, Қазақстан Үкіметі 2022 жылдың 15 сәуірінде №227 қаулы қабылдады.


Аталған құжат автонесие бағдарламасын 100 млрд теңге төлшерінде қаржыландыруды қарастырады.


Сонымен қатар «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен 30 млрд теңге автобус паркін жаңартуға жұмсалады.


Бағдарламаның негізгі шарттары мынадай:


- Бір жеңіл автокөлікті қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден аспайды;


- Бір заемші екі жылдың ішінде бір рет қана автокөлікті жеңілдетілген несиемен ала алады;


- қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;


- бастапқы жарнасы 0%;


- көлік құралының құны 15 млн теңгеден аспауы қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Автокөлік #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);