ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үкімет басшысы халықты қысқа мерзімді оқытумен қам...

Үкімет басшысы халықты қысқа мерзімді оқытумен қамтуды тапсырды

Әлеумет 19.04.2022, 08:20 1,014
Үкімет басшысы халықты қысқа мерзімді оқытумен қамтуды тапсырды
Сурет: Bебджем.рф
«Жаңа кәсіптер атласын» да пайдаланған жөн.

«Жаңа кәсіптер атласын» да пайдаланған жөн.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов халықты қысқа мерзімді оқытумен қамту және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Мемлекет, кәсіпорындар мен оқу орындарының арасындағы жауапкершілік анық бөлінгенде ғана кадр даярлаудың сапасы қамтамасыз етіледі. Мұны әлемдік тәжірибе де анық көрсетіп отыр. Сондықтан, әкімдіктер колледждер мен кәсіпорындардың өзара тиімді әріптестік орнатуы үшін шаралар қабылдауы қажет. Яғни, колледждерді қамқорлыққа алу, дуалді оқыту жүйесін дамытуға жағдай жасалуы тиіс. Мамандарды алдын ала даярлау үшін «Жаңа кәсіптер атласын» да пайдаланған жөн», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. 



Ең бастысы, колледждер мен университеттердің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек. 



«Кадр даярлауда мамандарға деген қазіргі сұраныспен қатар, еңбек нарығының болжамды деректері де негізге алынуға тиіс. Бұл міндеттердің барлығы 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында ескерілуі керек. Сонымен қатар, Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, қысқамерзімді оқытуды ұлғайту мәселесін пысықтап, оның тиімділігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», - деді Әлихан Смайылов. 



Одан бөлек, өңір әкімдіктеріне техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту, «Жас маман» жобасының негізінде колледждерді жарақтандыруға қаражат бөлу, кәсіпорындармен бірге мамандарды нысаналы түрде даярлауды жолға қою тапсырмалары берілді. 


Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 406 кәсіпорын 406 колледжді өз қамқорлығына алғанын айтқан еді. 


Қазақстанда экономикаға қажетті мамандықтардың өңірлік карталары жасалады және 2 млн астам жаңа жұмыс орны құрылады. 


Сонымен бірге, елімізде 2 жылда маман әзірлейтін «Қолданбалы бакалавриат» пилоттық жобасы басталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.