ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Үйқамақта ұстау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Үйқамақта ұстау ережелеріне өзгерістер енгізілді

Заң мен тəртіп 04.02.2026, 17:03 156
Үйқамақта ұстау ережелеріне өзгерістер енгізілді
интернет
ІІМ, Бас прокуратура, ҚМА және ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

ІІМ, Бас прокуратура, ҚМА және ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үйқамақ – қылмыстық іс жүргізу кодексінің 147-бабында көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес, күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны қамауда ұстамай-ақ, бірақ судья (сот) белгілеген шектеулерді қолдану арқылы қоғамнан оқшаулау шарасы болып табылады.

Атап айтқанда, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқына тікелей бақылау жүргізу жүктелген құрылымдық бөлімше қызметкерінің міндеттері нақтыланды.

Ол:

таңдалған бұлтартпау шарасының мәнін, сондай-ақ тергеу судьясының (соттың) қаулысында көрсетілген шектеулер мен міндеттерді түсіндіреді. Күдіктіге (айыпталушыға, сотталушыға) қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу судьясының (соттың) қаулысы жарияланғаны және оның көшірмесі тапсырылғаны жөнінде хаттама жасайды. Бұл хаттама тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға немесе егер бұлтартпау шарасы сот талқылауы кезінде қолданылса, сотқа жолданады. Хаттаманың көшірмесі бақылау-қадағалау ісіне қоса тіркеледі.

Сондай-ақ құрылымдық бөлімше қызметкері күдіктіні, айыпталушыны немесе сотталушыны төмендегі міндеттер туралы жазбаша түрде ескертеді, яғни ол:

қылмыстық процесті жүргізіп отырған органның рұқсатымен немесе шұғыл жағдайлар мен төтенше жағдайларға байланысты тұрғын үйден толықтай немесе белгілі бір уақытта шығу ниеті туралы;
сот тыйым салған белгілі бір тұлғалармен байланыс жасау немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен өз үйіне қандай да бір адамдарды қабылдау туралы (онымен бірге тұратын отбасы мүшелерімен, қорғаушымен байланыс және ҚІЖК-нің 146-бабының үшінші бөлігінде көзделген өзге жағдайлардан басқа);
қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен телефон арқылы сөйлесу және хат-хабар жіберу туралы (ҚІЖК-нің 146-бабы екінші бөлігінің 5-тармағында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда);
байланыс құралдарын пайдаланудың әрбір фактісі туралы кезекші бөлімге және оның мінез-құлқына тікелей бақылау жүргізіп отырған құрылымдық бөлімше қызметкеріне хабарлауға міндетті.
Сонымен қатар қызметкер:

жүктелген шектеулер орындалмаған жағдайда, ҚІЖК-нің 153-бабына сәйкес прокурор, тергеуші (анықтаушы) прокурормен келісу арқылы бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға ауыстыру немесе қосымша міндеттер жүктеу туралы тергеу судьясына (сотқа) өтінішхат беруге құқылы екенін түсіндіреді.
Бұйрық 2026 жылғы 14 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.