AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Уилл Смит «Оскар» киноакадемиясынан шығатын болды

Уилл Смит «Оскар» киноакадемиясынан шығатын болды

Әлем 03.04.2022, 06:10 1,742
Уилл Смит «Оскар» киноакадемиясынан шығатын болды
Cурет: 24.kz

Уилл Смит жүргізуші тарапынан әйеліне қатысты айтылған әзілге ашуланған болатын


Оскар» жүлдесін тапсыру салтанатында жүргізуші Крис Рокты ұрып жіберген Уилл Смит Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Уилл Смит пен Крис Рок арасындағы келеңсіздіктен кейін аталған ұйым актердің тәртібі қаралатынын жариялаған болатын. 
«Смит Академияның тәртіп стандарттарын бұзды. Біз оның мәселесін 18 сәуірге жоспарланған директорлар кеңесі отырысында қараймыз», – деген еді Академия президенті Дэвид Рубин. 


Мұнан соң актер ұйым құрамынан өз еркімен шығатынын және басқарма қабылдаған кез келген шешімді қабылдайтынын мәлім етті. 



«Оскардың» 94 салтанатындағы қылығым жаға ұстатарлық болды. Кешірілмейтін жайт. Крисқа ғана емес, оның отбасына, менің көптеген достарым мен жақындарыма, салтанатқа, ауқымды аудиторияға ауыр тиді. Академияның сенімін ақтамадым. Жетістіктерімен көзге түскен өзге номинанттардың мерекелік көңіл күйін бұздым», –дейді ол. 



Айта кетейік, Уилл Смит жүргізуші тарапынан әйеліне қатысты айтылған әзілге ашуланған болатын. Алопеция ауруына шалдыққан Джада Пинкетт-Смит шашы түсіп қалғандықтан, басын тақырлап тастауға мәжбүр болған. У.Смит киножұлдыздар, режиссерлер мен продюсерлердің басын біріктірген танымал ұйымнан шығатын болса, ол «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер мен спектакльдерге дауыс бере алмайды. Алайда оның жұмыстары жүлдеге ұсынылатын тізімнен шеттетілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Уилл Смит #оскар #Академия #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);