конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / “Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар...

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Спорт 28.02.2026, 09:24 371
“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды
Самат Құсайынов

Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Түнгі уақытқа қарамастан Алматы халықаралық әуежайының терминалында спортшыны қарсы алуға жиналғандардың қарасы қалың болды. Чемпионды қала әкімдігінің өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері арнайы күтіп алды.

Шайдоровты күтіп алуға жиналған жұрт оны тапжылмай 2 сағаттан астам уақыт күтті. Ұшақтың кешігуіне қарамастан, ыстық ықылас бір сәт те сейілген жоқ. Әуежай іші нағыз мерекелік көңіл күйге бөленіп, алматылықтар ән шырқап, би биледі.

Алматы жұрты тарихи жүлде иесін зор қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті. Әуежай ішін қол шапалақ пен қуанышқа толы үндер кернеді.

Өз кезегінде Михаил Шайдоров туған жерге оралған сәттегі әсерін бөлісіп, қолдау білдірген алматылықтарға алғыс айтты.

«Үйге жеттім-ау! Туып-өскен қалама, қазір және болашақта тұратын қалама келгеніме қуаныштымын. Туған жеріңде осындай жылы лебізді сезіну – сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым қолдау білдірген сіздерге алғыс білдіремін», – деді ол.

Спортшы алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, жоғары нәтижелерге ұмтылатынын жеткізді. Сондай-ақ мәнерлеп сырғанауды ел ішінде кеңінен насихаттап, осы спорт түрінің дамуына үлес қосуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Кездесу соңында суретші Әсел Сабыржанқызы (assolyaa) Михаил Шайдоровқа өзі салған кілемдегі портретін сыйға тартты. Өнер иесі бұл туындыны «халықтың сыйы» деп атады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шайдоров #Михаил Шайдоров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);