Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үйдің айналасын және тауларды тазартайық

Үйдің айналасын және тауларды тазартайық

Әлеумет 10.04.2024, 13:18 1,028
Үйдің айналасын және тауларды тазартайық
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстандық спортшылар «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға шақырды


Қазақстандық спортшылар Instagram парақшаларында 8 сәуірде мегаполисте басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға көпшілікті белсенді түрде шақыруда. Олардың қатарында боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (https://www.instagram.com/reel/C5ir1nUI5gf/?igsh=ampoNDl4ZHNpNnZo), жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин (https://www.instagram.com/stories/dmitriy_balandin_/3342562174063487089/?igsh=dzlwNHczeG43c3Az), бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, пауэрлифтингтен әлем чемпионы Илья Маслов (https://www.instagram.com/reel/C5i9-zMinTF/?igsh=cXJjN2V6aThxcmEz), ушу - саньнан Дүниежүзілік жазғы Универсиада жүлдегері Бексұлтан Қоскенов (https://www.instagram.com/reel/C5kcM2Ai79i/?igsh=YndzNG16dnYxOXc=), тай боксынан әлем чемпионы Милана Колченко (https://www.instagram.com/reel/C5keYzpixkW/?igsh=MXByaGJseDc4ejFobA=) және тағы басқалар бар.



Олардың барлығы бей-жай қарамайтын азаматтарға сүйікті Алматының аумақтарын жинау, абаттандыру және тазарту жөніндегі көктемгі бастамаға қосылу туралы өтінішпен жүгінді.


Ермахан Ибраимов ниеттес азаматтарды шетте қалмауға, сондай-ақ ортақ игі іске өз үлестерін қосуға және бірлескен күш-жігермен қаланы таза әрі әдемі етуге шақырды.



«Сізден «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға белсенді қолдау көрсетуіңізді сұраймын! Егер әрбір алматылық өз ауласын көгалдандырып, таза ұстаса, Алматы қаласы таза болады. Алматы қаласы гүлдене берсін!», - деді ол.



Назым Қызайбай өзінің бейне жолдауында тазалық – денсаулық кепілі екенін атап өтті. Оны барынша сақтау-әрбір қала тұрғынының міндеті.


Илья Маслов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала спортшыларының атынан қала тұрғындарына мегаполисті қоқыстан тазартуға ықпал ететін бұл жобаны қолдауды ұсынды.



«Менің ойымша, сіздердің әрқайсыларыңыз сыртқа шығып, үй маңындағы аумақты тазалай аласыз, сондай-ақ жақын маңдағы таулы аймақтарға шағын саяхат жасай аласыз. Айналаны таза ұстауды өзгеден емес, өзімізден бастайық! Қаланың тазалығына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!», - деді ол.



Дмитрий Баландин «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында көптеген ағаштар отырғызылғанын, жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылғанын, қоғамдық орындар тазаланып, абаттандырылғанын еске салды.



«Сіз бұл жобаға өз аулаңызды тазартудан бастап қатыса аласыз.Бірге біздің қаланы одан да әдемі етейік!», - деп шақырды жүзуші.



Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен тазаруына үлес қоса алады.


Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, қала бойынша орналастырылған баннерлерге,постерлерге,, афишаларға арнайы QR-код бойынша кіруге болады.


Әлеуметтік желілердегі науқанның белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Біздің #ортақүйіміз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.