ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Үйді үнемі таза ұстаудың құпиясы қандай?

Үйді үнемі таза ұстаудың құпиясы қандай?

Керек кеңес 04.09.2023, 11:05 2,342
Үйді үнемі таза ұстаудың құпиясы қандай?
Сурет: Cleanhome.ru
Үйлері қашан барсаң да тап-тұйнақтай болып тұратын адамдар бар.

Үйлері қашан барсаң да тап-тұйнақтай болып тұратын адамдар бар. 


Дегенмен бұл жерде әңгіме  үнемі қолынан шаңсорғыш пен шүберек түспейтіндер туралы емес.  Тазалық сақтауда  аса көп күш кетірмейтін жандар да бар. 


Олар йді үнемі дерлік таза да жинақы ұстауға көмектесетін бірнеше әдетті ұстанады. Almaty-akshamy.kz cайты Elorda.info сайтына жүгіне отырып, үйдің шашылмауы үшін қажетті  төрт әдетті ұсынады. 


Затты көп жинамау


Кеңістікті ыңғайлы етудің ең тиімді жолы -  артық заттан арылу. Ыбырсыған дүние жоқ болса, оны реттеп жинаудың да қажеті жоқ қой. Сондықтан сіз бірінші сөмкеңізде жиналып қалған чектерді, қағаз қиындыларын және төлем парақтарын лақтырып тастаңыз. «Кейін соған қарап отбасы бюджетін жоспарлаймын» деп өз-өзіңізді алдарқатпай-ақ қойыңыз. Оны жасамайтыныңыз айдан анық.


Әрі қарай «бір күні түймесін қадаймын, жыртығын жамаймын» деп алып қойған киімдеріңізді лақтырып тастасаңыз да болады. Өйткені сіз мұны бірден жасамаған болсаңыз, кейін де қолыңыз босамасы анық. 


Таза болу мен мұқият болудың айырмашылығы 


Үйдің шаңы қанша сүртілсе де, ойыншықтар мен киімдер шашылып жатса, тазалық көрінбейді. Асүйде ыдыс-аяғыңыз жуылып тұрғанымен, үстелдің үстінде ретсіз тұрса да солай, үйіңіздің жиналғаны білінбей қалады. Ал керісінше бұрыштарда сәл-пәл шаң болғанымен, заттар өз орнында тұрса, сіз «айналам қопырап тұр-ау» деген мазасыздықтан арыласыз. 


Үйді жинау үшін қолайлы сәтті күтпеу


Сізге үйіңіз отыз адам қонақ болып кеткендегідей күйде болғанша күтудің қажеті жоқ. Бар күш-жігеріңізді сарп етудің де аса керегі шамалы. Тек қана күнделікті бірнеше әдетті қайталап жүрсеңіз жеткілікті. 


Мысалы, ұйқыдан тұрған соң төсегіңізді жинап тастаңыз, жуылған киімдеріңізді кепкен бойда комодқа салып қойыңыз, үйге келген соң киіміңізді шкафқа іліп жіберіңіз, жуынып болған соң айнаны сүртіп алыңыз, сонда үйіңіздегі тазалық пен ұқыптылық ұзаққа дейін сақталады. Әрі үй жинауға толық демалыс күніңізді арнамайтын боласыз.


Ұсақ-түйекке бір жәшік арнау


Бұл кеңес алдыңғы айтқандарымызға парадокс сияқты көрінген шығар? Дегенмен сіз барлық нәрсені бір мезгілде реттей алмайсыз ғой. Сондықтан шашылып жатқан немесе қажет емес заттарға арналған бір жәшік шығарып қойыңыз. Әр апта сайын ондағы заттарды іріктеп, керегін қалдырып, керек емесін лақтыратын боласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.