AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үйде де, түзде де абыройлы

Үйде де, түзде де абыройлы

Әлеумет 06.06.2023, 04:50 1,240 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Үйде де, түзде де абыройлы
almaty-akshamy.kz

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау - үлкен жауапкершілік. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.


Сондай жандардың бірі – Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесіндегі емдеу бөлімінің басшысы, әділет майоры Дильнара Рашидинқызы.


№11 мекемесінде, яғни жасөспірімдер колониясында, қазіргі күні кәмелетке толмаған 36 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Мекемеде 6 орындық медициналық бөлім және өкпе ауруына арналған оқшаулау орны бар, 17 ақ халатты абзал жан жұмыс істейді.


Медициналық бөлім басшысы Дильнара Нурдинованың айтуынша, медицина бөлімінің қызметкерлері мекемеге келіп түскен сотталғандарға тұрақты медициналық көмек көрсетіп, сонымен қатар жылына екі рет жоспарлы түрде  профилактикалық тексеруден өткізіп тұрады. Алматы қаласындағы №24 қалалық емханамен тығыз байланыста, профилактикалық тексеру жүргізу кезінде сол мекемеден лор, хирург, невропатолог, терапевт, окулист мамандар шақыртылады.


Мекемедегі сотталғандар арасында созылмалы ауру анықталған науқастар медицина бөлімінің қызметкерлерімен үнемі қадағаланып, уақытылы дәрі-дәрмектер беріліп, қажет болған жағдайда Алматының ауруханаларынан арнайы маман-дәрігерлер шақырылып, қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытынды диагноз қойылып, қажетті ем алынады. Мекемеде арнайы стоматология кабинеті бар, тісі ауырған сотталғандарға ем көрсету үшін медициналық құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған.



– Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерге тән қасиет. Дәрігерлер жүрегінде Гиппократ антына әрдайым адал болады. Жас мамандарға да солай болуды тілеймін. Ол үшін көп ізденіп, көп еңбектену керек, – дейді Дильнара Рашидинқызы.



Әйел адамға жұмыс пен отбасын қатар алып жүру әсте оңай емес. Оның үстіне біздің кейіпкеріміз жабық мекемеде, яғни бас бостандығынан айырылған жастар отырған колонияда 26 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жауапкершілік үлкен. Бірақ ол бәріне үлгеруге тырысады. Отбасының ұйытқысы, екі ұлдың аяулы анасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дильнара #дәрігер #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);