ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үй жануарларын серуендету мен тасымалдау ережесін...

Үй жануарларын серуендету мен тасымалдау ережесін бұзғандарға айыппұл күшейтілмек

Әлеумет 27.10.2021, 07:26 1,136
Үй жануарларын серуендету мен тасымалдау ережесін бұзғандарға айыппұл күшейтілмек
Inform.kz
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Айта кетейік, жалпы отырыста бүгін «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.



«Қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау, серуендету, аулау және жою ережелерін бұзғаны үшін 3-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен бірге, бұл бапта қаңғыбас жануарларды аулау, жануарларды есепке алу және өлтіру кезіндегі мұндай заң бұзушылықтар қамтылмаған және қорыта келгенде, жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жеке бап болған жоқ. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы ілеспе заң жобасы жануарларға қатыгездікпен қарау әрі үйдегі және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру қағидаларын бұзуға арналған жекелеген баптарды бөлу бөлігінде пысықталды», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.



Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасының 407-1 баптарында жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жеке тұлғаларға 5-тен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген.



«407-2-баптың ұсынылған редакциясында үй және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, жансыздандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғаларға 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Заң жобасын әзірлеу кезінде айыппұл мөлшерін анықтау бойынша халықаралық тәжірибе ескерілді. Мәселен, Германияда жануарларды серуендету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл 68 еуроны құрайды, бұл 33 мың теңге. Ресей Федерациясында 15 мың теңгеге тең айыппұл қарастырылған», - деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.