AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-ға телефонмен кірген 146 талапкер тест тапсыру...

ҰБТ-ға телефонмен кірген 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Білім және ғылым 09.06.2023, 10:21 1,755
ҰБТ-ға телефонмен кірген 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Сурет: El.kz

ҰБТ басталғаннан бері 127 мың реттен астам тест тапсырылды.


Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараты бойынша, ҰБТ басталғалы шекті балды 78% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны тестілеудің бірінші аптасында бір талапкер жинаған.



«ҰБТ-ның үшінші аптасында талапкерлер тестілеуді тапсырудың екінші мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Сондықтан тестті екі рет тапсырып, балдарын біліп отырған балалар грант конкурсы бойынша сұрақтар қоя бастады. Ең жиі қойылатын сұрақ: Грант ұтып алу үшін қанша балл жинау керек? Грантқа шекті балл деген болмайды және барлығы конкурсқа байланысты екендігін тағы да бір атап өтсем. Бірақ кем дегенде бағдар болу үшін оқуға түсушілер былтырғы нәтижелермен таныса алады. Мысалы, 2022 жылы «Стоматология» ББТ бойынша бір гранттық орынға 25 үміткер болған, ал грант ұтып алғандардың орташа көрсеткіші 134 балды құрады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 370 талапкер қатысты.


Бүгінгі таңда 146 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 106 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


Еске салсақ, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #телефонмен кіргендер #тест #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);