конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ форматы өзгереді

ҰБТ форматы өзгереді

Білім және ғылым 07.11.2025, 16:36 734
ҰБТ форматы өзгереді
Сурет: интернеттен

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі білім мен талантты дамыту саласындағы халықаралық ұйым – ETS (Educational Testing Service) компаниясымен ынтымақтастық орнатқанын хабарлады.

Бұл қадам Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған.

Министрліктің мәліметінше, алдағы уақытта ҰБТ форматы өзгереді. Енді тестілеу тек академиялық білімді ғана емес, сонымен бірге өмірлік маңызды дағдыларды да бағалайтын жүйеге айналмақ.

Жаңартылған форматтың басты мақсаты – барлық талапкерлерге тең мүмкіндік пен әділ бағалау жүйесін қамтамасыз ету. Бұл үшін тест комбинациялары икемді, бағалау жүйесі бірыңғай, ал қолжетімділік — аймақ, мектеп немесе оқыту тіліне қарамастан тең болмақ.

Жасанды интеллект пен жаңа технологиялар енгізіледі

– Жасанды интеллект технологияларын пайдалану, соның ішінде бейімделмелі тестілеу, автоматтандырылған бағалау және интеллектуалды аналитика әдістері тестілеу процесінің әділдігін, сенімділігін және объективтілігін арттырады. Барлық тест заманауи психометриялық әдістермен дайындалады, бұл олардың ғылыми негізділігін, дәлдігін және студенттер, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер тарапынан халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз етеді, – делінген министрлік хабарламасында.

ETS – әлемдік деңгейде TOEFL және GRE сияқты тестілерді әзірлейтін жетекші ұйым. Қазақстанмен әріптестік аясында ҰБТ форматының сапасы мен сенімділігін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ашықтық пен сенім: Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлаудың ашықтығын қандай тетіктер қамтамасыз етеді

Бүгін 17:19

“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты

Бүгін 17:12

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);