ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ ережесін бұзғандардың нәтижесі жойылды

ҰБТ ережесін бұзғандардың нәтижесі жойылды

Білім және ғылым 30.06.2023, 11:40 1,572
ҰБТ ережесін бұзғандардың нәтижесі жойылды
Сурет: Еgemen.kz
ҰБТ басталғалы түлектер 267 мың рет тест тапсырған.

ҰБТ басталғалы түлектер 267 мың рет тест тапсырған.


Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Талапкерлердің 76%-ы қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде, 292 рет ағылшын тілінде тестілеуден өтті.


Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ басталғалы шекті балды жалпы талапкеркердің 79%-ы жинаған. Орташа балға келетін болсақ, ол 70 балды құрады. Төрт адам ең жоғары көрсеткіш көрсетіп, 137 балл жинады.



ҰБТ-ның аяқталуына бірнеше күн қалды. Жақында ғана грант тізімі жарияланды. Гранттардың басым бөлігі "Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары" білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 18 744 грантты құрайды. Ал "Педагогикалық ғылымдарға" – 12 560 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 103 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағытына – 7 388 грант бөлінді.



Сондай-ақ, "Серпін" бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант қарастырылған. Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2023-2024 оқу жылында 73 мыңға жуық грант бөлінген.


Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында алты аптаның ішінде олар 719 рет ҰБТ-ға қатысты.


Бүгінгі таңда 365 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.


Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,983 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.