AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-да қулыққа барғандар қайта тексеріледі

ҰБТ-да қулыққа барғандар қайта тексеріледі

Білім және ғылым 22.08.2023, 14:48 1,349
ҰБТ-да қулыққа барғандар қайта тексеріледі
Сурет: интернеттен

Тиісінше, грант қайта қаралады.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл бағытта министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өте тығыз жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Өздеріңізге мәлім, тест тапсырмалары мен олардың мазмұны «Мемлекеттік құпия туралы» заңның объектісі саналады. Сондықтан мұнда ҰҚК тергеу жүргізеді. Биыл бүкіл өңірде комитеттің департаменттері тікелей бақылау жүргізді. Біздің Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірге жұмыс істеді», - деді министр.



Саясат Нұрбектің дерегінше, ҰБТ кезінде 300-ден астам талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталған. Ол тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтады. Сондай-ақ талапкер әрекетінің мән-жайы қыркүйекке қарай анықталады дейді.



«Бұл жағдайдың бәрімен ҰҚК және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, қосымша тергеу жүргізіледі. Егер ақпарат расталса, онда балл жойылады. Егер осы уақытқа дейін талапкер грант иегері атанып үлгерсе, онда ол оны кейін қайтарады. Тиісінше, грант қайта қаралады. Қыркүйек айында нақты белгілі болады. Ең жоғары балл жинаған, бірақ грант алмаған үміткерлер арасында осы гранттар бөлініске салынады», - деп түйіндеді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант #ҰБТ #ҰҚК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);