AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҰБТ-да енді әр үміткердің жеке тест нұсқасы болады

ҰБТ-да енді әр үміткердің жеке тест нұсқасы болады

Білім және ғылым 11.05.2022, 10:38 1,703
ҰБТ-да енді әр үміткердің жеке тест нұсқасы болады
Сурет: Zhaikpress.kz

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.


Наурызда ҰБТ тестілеуі кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың тест нәтижесі жойылды. Мұнымен қатар, ішкі тексеріс нәтижесінде 9 тест тапсырушының нәтижесі жойылып, үш маман қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Орталық басшысының айтуынша, WhatsApp нөмірін ашық жариялағалы бері халықпен тығыз байланыс орнатқан. Тест тапсырушылардың өзі ереже бұзу туралы ақпаратты хабарлап отырады.



"Енді әр қатысушының өз тест нұсқасы болады. Егер тест тапсырушы тыйым салынған затпен кіруге талпынса немесе тестілеуде ұсталса, онда ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Ал дәл осындай жағдай екінші мүмкіндігі кезінде қайталанса, онда бірінші мүмкіндігінің нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатыса алмайды. Екі мүмкіндікті пайдаланудың өз ережесі бар", – деді Руслан Емелбаев.



Мұнымен қатар, ол ҰБТ алдында тест тапсыруға көмектесетінін айтатын алаяқтар көбейгенін ескертті. Осы орайда, ол түлектерді тәуекелге бармауға шақырды.



"Шыны керек, тестілеуді оңай тапсыру үшін кейбір тест тапсырушылар әртүрлі қулыққа баруға дайын. Бірақ, біздің жүйені ешкім алдай алмайды. Наурыз айында өткен ҰБТ-да тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Оның ішінде 9 тестіленуші тест сұрақтарын суретке түсіріп, оларды telegram арналарға таратқан. Бұл мәселені 2 ай бойы толығымен зерттеп, қызметтік тексеріс жүргіздік. Себебі сұрақ көп. Мысалы, тест тапсырмалары қалай тарады? Камералар неге ешнәрсе түсірмеген? Бақылаушылар қайда қараған? Ішкі тексерістің нәтижесінде 9 тест тапсырушының нәтижесі жойылып, 3 қызметші жұмыстан босатылды. Іс құзыретті органдарға жіберілді", – деді орталық директоры. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тест #жеке нұсқа #ҰБТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);