AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Уәдесін орындамаған депутатты сайлаушылар кері қай...

Уәдесін орындамаған депутатты сайлаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады

Әлеумет 25.04.2022, 08:28 1,212
Уәдесін орындамаған депутатты сайлаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады
tirshilik-tynysy.kz

Сайлауалды уәдесін орындамаған депутатты сайлаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық процестерге тың серпін берді. Онда Жаңа Қазақстанның келбеті, оны құру бағытында тұрған міндеттер және ол міндеттерді шешу жолдары анық көрсетілді. Айтылған бастамалардың көпшілігі Ата заңда бекітілген қоғам мен мемлекеттің негіздерін қозғайды. Осы мақсатта құрылған жұмыс тобы Конституцияға түзетулердің жобасын ұсынды. Жұмыс тобына мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және еліміздегі танымал заңгер-ғалымдар қатысты. Заң жобасында қазіргі таңда елімізде қалыптасқан суперпрезиденттік басқару нысанын одан ары жетілдіру көзделген. Бұл мақсатты Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін басқа органдарға береді немесе олармен келісе отырып атқарады. Бұл соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан орталықсыздандыру процесінің жалғасы», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Сонымен қатар, ол 2017 жылы елімізде болған үшінші Конституциялық реформаның нәтижесінде Мемлекет басшысы өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке бергенін еске салды.



«Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту көзделген. Палаталарды жасақтау тәртібі мен олардың функцияларында да да елеулі өзгерістер бар. Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқартылып, оның 5-еуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Мәжіліс сайлауында аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Мәжілістің 30 пайыз депутаттары 1 мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады және сайлауалды уәдесін орындамаған депутатты сайлаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады», - деді Бақыт Нұрмұханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #сайлаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);