Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тұтынушылар қандай қызмет түрі бойынша көп шағымда...

Тұтынушылар қандай қызмет түрі бойынша көп шағымданады?

Әлеумет 15.03.2022, 10:43 1,264
Тұтынушылар қандай қызмет түрі бойынша көп шағымданады?
Сурет: Gazeta.ru
Өткен жылы отандық тұтынушылардан 25 223 өтініш түскен.

Өткен жылы отандық тұтынушылардан 25 223 өтініш түскен.


Оның 55 пайызы - бөлшек саудаға тиесілі, 15 пайызы - тұрмыстық қызмет, 5 пайызы - электронды сауда, 4 пайызы - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын және 3 пайызы көлік саласына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгін - Дүниежүзілік тұтынушылар күні. Осы орайда елімізде отандық тұтынушылардың көбіне қандай қызмет түрі бойынша шағым жасайтыны айтылды.



«Жыл сайын 15 наурыз дүниежүзінде тұтынушылар күні ретінде аталып өтеді. Өткен жылы біздің комитет отандық тұтынушылардан келіп түскен 25 223 өтінішті қарады. Оның 55 пайызы - бөлшек саудаға тиесілі, 15 пайызы - тұрмыстық қызмет, 5 пайызы - электронды сауда, 4 пайызы - тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын және 3 пайызы көлік саласына қатысты. Бөлшек сауда бойынша тауарды 14 күннің ішінде кері қабылдаудан бас тарту жағдайы 34 пайызды құрады. Сонымен қатар өнімге қатысты ақпаратты ұсынбаған жағдай 12 пайызға жетті», - деді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баранов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.



Сондай-ақ, басқарма басшысы өткен жылы жөндеу жұмысын жүргізу және жиһаз жасауға қатысты тұтынушылар тарапынан айтарлықтай шағымның барын жеткізді.


Одан бөлек, 2021 жылы электронды сауда қызметін қолданушылардан (27 пайыз) тауарды кері қайтаруда проблема болғаны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,466 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.