AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамалғанда...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамалғандар 2 есе көбейген

Заң мен тəртіп 13.02.2024, 07:05 1,152
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қамалғандар 2 есе көбейген
Сурет: Halyq Uni

Өткен жылы полиция тұрмыстық жанжал туралы 100 мыңға жуық хабарлама тіркеді.


Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Өткен жылы Президенттің тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш беруден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. Әкімшілік іс қозғалады. Соңғы құқықтық бағалауды сот береді. Жаңа заңнама аясында тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды. Материалдардың 64 пайыз бойынша әкімшілік іс жүргізілді. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты. Сотта 27 мыңнан астам отбасы татуласты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.




Ренат Зулхаировтың атап өтуінше, ІІМ зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен алдын алу жұмысын жандандырды. Өткен жылы полицияда тұрмыстық жанжал туралы 100 мыңға жуық хабарлама тіркелген. Оның ішінде 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін полиция қызметкерлері анықтады. Барлық тіркелген фактілер бойынша кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.




«Әрбір отбасылық жанжалқой заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік, мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді ІІМ өкілі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

Бүгін 15:04

Алматыда Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына орай «Арқау» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін 14:11

Өнерді өміріне өзек еткен ұлағатты ұстаз

Бүгін 14:06

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Бүгін 12:45

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);