AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бе...

Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

Алматы Бүгін 15:04 33
Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

2026 жылы алғашқы тоғыз айда Алматы Азия елдерінде өткен халықаралық туристік көрмелерде бес мәрте марапатталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы уақыт аралығында қаланың туристік сала өкілдері шетелдік серіктестермен 500-ден астам іскерлік кездесу өткізіп, кемінде 284 келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматының туристік әлеуеті Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және Жапонияда, сондай-ақ Гонконгта ұйымдастырылған жеті халықаралық көрмеде таныстырылды.

Халықаралық іс-шараларда Алматы түрлі аталым бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Мумбайда қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін, Гуанчжоуда ең танымал мәдени бағыт ретінде, ал Сеулде көрме стендінің үздік мазмұны үшін марапатталды. Гонконгта Алматы стендінің жұмысы арнайы жүлдеге ие болса, Куала-Лумпурда қаланың мәдени бағдарламасы үздік деп танылды.

Көрмелер аясында Алматының туристік компаниялары шетелдік туроператорлармен, әуе тасымалдаушыларымен, қонақ үй желілерімен және туристік қауымдастықтармен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында қаланың туристік мүмкіндіктерін халықаралық нарықта ілгерілету, жаңа бағыттар әзірлеу және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар халықаралық көрмелерде Almaty Tourism Day атты Алматы туризмі күндері ұйымдастырылды. Арнайы іс-шараларда жергілікті компаниялар қызметін шетелдік серіктестерге таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Алматының туристік әлеуетін таныстыру кезінде мәдени, гастрономиялық, оқиғалық және тау туризміне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қала мен оның айналасындағы табиғи көрікті жерлер шетелдік туристік нарық өкілдеріне ұсынылды.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық көрмелерге қатысу Азия елдерінің туристік индустриясымен іскерлік байланысты нығайтуға, жаңа серіктестер тартуға және Алматыны халықаралық туристік бағыт ретінде кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ЭКСЖ ұлттық жобасын жүзеге асыру: Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуды қаржыландыруға банктердің қатысуын кеңейтуді тапсырды

Бүгін 15:30

Алматыда Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына орай «Арқау» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін 14:11

Өнерді өміріне өзек еткен ұлағатты ұстаз

Бүгін 14:06

Олжас Бектенов Қатардың Power International Holding компаниясының басшылығымен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады

Бүгін 12:45

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);