Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тұрмыстық зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік күшей...

Тұрмыстық зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік күшейді

Әлеумет 13.06.2023, 12:01 1,747
Тұрмыстық зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік күшейді
qazaqstan.tv

1 шілдеден бастап Алматы полицясы өтініш берушіден тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстарды тіркеудеудің айқындаушы сипатына көшеді


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тәртіп сақшылары мен Алматы қаласының дағдарыс орталығы өкілдерінің қатыысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Алматы қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Диас Дүйсенбеков 1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден қылмысты тіркеудің анықтаушы сипатына көшетінін хабарлады. Бұдан былай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жәбірленушілердің өтінішінсіз қозғалады, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша хаттама куәгерлердің, көршілердің берген айғақтарына және бейнебақылау камераларының жазбаларына сәйкес жасалады. Қайта татуласу мүмкіндігі болмайды. 



«Егер біз бұрын өтініш қабылданғаннан кейін зорлық-зомбылық құрбанынан өтініш жазуды сұрап, содан кейін барып жауапкершілікке тартқан болсақ, түзетулерден кейін сотқа дейінгі тергеу іс жүзінде басталады. Мысалы, әйел адам ауруханаға түсті делік, оған полиция жасағы барады, жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткен адамға арыз жазғысы келе ме, жоқ па, оған қарамай, тиісті шешім қабылданады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының нұсқауын орындауда отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған құқық бұзушылықтар үшін 5-тен 20 тәулікке дейін қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік те күшейді», - деп хабарлады полиция қызметкері. 



Қабылданған түзетулер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жәбірленушілердің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің берген айғақтары, бейнебақылау камераларының жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот шығарады. 
Сондай-ақ, спикердің айтуынша енгізілген түзетулердің арқасында тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі болмайды. 


Тақырыпты жалғастырған «Дағдарыстар орталығы одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зүлфия Байсақова биыл БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясын Қазақстанмен ратификацияланғанына 25 жыл толатынын хабарлады. 



«Осы жылдар ішінде көп жұмыс атқарылды, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң бар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнайы қызметтер стандарттары бар. Алматыда алты жылдан бері «Жан-Сая» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Ол тәулік бойғы режимде қолдауға зәру адамдарды қабылдайды және 8 қызмет түрін көрсетеді. Ең алдымен, бұл – қауіпсіз тұратын орын, білім беру, психологиялық кеңес беру, заңгердің кеңес беруі», - деді Зүлфия Байсақова.



«Дағдарыс орталықтарының одағы» зерттеу жүргізген,  ол әрбір 6-шы баланың бір немесе басқа да зорлық-зомбылықтың куәсі екенін көрсетті. Сондықтан 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өмір сүрген 6649 адамнан тұратын «Жан-Сая»  дағдарыс орталығында олардың жартысынан көбі балалар және бұл өте өкінішті жағдай. Алматы-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек алуға болатын ақпарат пен телефон нөмірлері көрсетілген 164 баннер орналастырылған жалғыз қала. Мысалы, анонимді көмекті «150» сенім телефоны арқылы алуға болады.


«Бізде кеңес  алу үшін  WhatsApp арқылы хабарласуға болатын телефондар да бар 8 771 - 450 - 3 - 450»- деді З. Байсақова. Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 36 дағдарыс орталығы бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұрмыс #зомбылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.