ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ере...

Тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы не білу қажет?

Керек кеңес 02.12.2023, 05:34 1,762
Тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы не білу қажет?
Сурет: Gov.kz
Көптеген табиғи газдар адам үшін ықтимал қауіп көзі.

Көптеген табиғи газдар адам үшін ықтимал қауіп көзі.


Алайда тұрмыста қолданылатын метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газ (баллондарда) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шыққан кезде олар тұншықтырғыш газбен улануға алып келеді, ең қорқынышты жарылысқа әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осыған байланысты Жетісу облысы ТЖД күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескертеді:


- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды құюға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;


- баллонды суықтан жылуға кіргізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды - күрт кеңейтуге әкеліп, нәтижесінде жарылыс болуы мүмкін;


- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы);


- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;


- газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;


- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;


- газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтарды отқа төгілмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.


Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.


Тыйым салынады:


- өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез келген газ жабдығын жөндеуге;


- тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізу;


- газ құралдарының, түтін және желдету каналдарының құрылымын өзгерту;


- қауіпсіздік автоматикасын өшіру;


- жабдық жарамсыз болған жағдайда газды пайдалануға;


- газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды балалармен пайдалануға рұқсат етуге;


- екі қабаттан асатын көп қабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды сақтау және (немесе) пайдалану;


- үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;


- газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтау.


Төтенше жағдай кезінде – «101», «102», «104», «112» телефондары арқылы қоңырау шалыңыздар!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.