AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданының 17 көшесінде жол жөндеу жұмыстар...

Түрксіб ауданының 17 көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді

Әлеумет 13.12.2023, 12:36 1,146
Түрксіб ауданының 17 көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді
Almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданының 17 көшесінде 2023 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді


Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ауданда жол инфрақұрылымы қалай жаңартылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігі 40 мың м2 жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, Қайрат шағын ауданындағы тұрғын үй кешені мен мектепке кіретін 2,7 км жол құрылысы аяқталып, бүгінде бір қабат асфальт төселді. 2024 жылдың екінші тоқсанында инженерлік коммуникациялар салынғаннан соң, қалған 5,3 шақырым жол жабдықталады.


Ұзындығы 22 км құрайтын 17 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан әкімі жол жамылғысын асфальттау жұмыстары аяқталған көшелерді атап өтті: Сейфуллин даңғылы, Арал, Байрон, Бердіқожа, Ахметов, Алғабас, Сүйінбай, Шемякин, Спартак, Папанин, 13 ә/қ, Магнитный, Покрышкин, Филатов, Ержанов, Гродненская, Баймағамбетов көшелері.


Сонымен қатар, 11 көшеде ұзындығы 8 км болатын тротуарлар салынып, жөнделді (Огарева, Тараз, Пугачев, Обозный, Ақындар, Сейфуллин, Кассин, Котельников, Бейсебаев, Аймауытов, Ғанибет көшелері).


«Ағымдағы жылдың соңына дейін ауданның 5 негізгі магистралдық көшесінің бойында, Рысқұлов, Сүйінбай даңғылы, Майлин, Шолохов, Ақан сері көшелерінің бойына эстетикалық келбетті жақсарту ғана емес, сонымен қатар көшелерді жинау кезінде химиялық реагенттерден жасыл желектерді сақтауға арналған 23 км техникалық тротуар салынады», - деп қосты аудан әкімі.


Сонымен қатар, Рысқұлова даңғылы арқылы өтетін жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталып, Ержанов көшесі арқылы өтетін өткел құрылысы жүргізілуде.


Сондай-ақ, Б. Хмельницкий көшесін Қайрат шағын ауданынан Талғар жолына дейін кесіп өтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркісіб #жолдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);