ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Түрксіб ауданында Республика күні атап өтілді 

Түрксіб ауданында Республика күні атап өтілді 

Алматы 24.10.2025, 19:53 456
Түрксіб ауданында Республика күні атап өтілді 
Аяжан Серікқызы
Түрксіб ауданында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты концертті тамашалауға аудан тұрғындары мен қала қонақтары көптеп жиналды. Шара басталмай тұрып мемлекеттік Ту...

Түрксіб ауданында Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты концертті тамашалауға аудан тұрғындары мен қала қонақтары көптеп жиналды. Шара басталмай тұрып мемлекеттік Ту салтанатты түрде кіргізіліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Бұл сәт жиналған жұртқа ерекше рух пен патриоттық сезім сыйлады.

Іс-шара барысында Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Ермек Айтбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен шын жүректен құттықтады.

"Құрметті тұрғындар мен қонақтар! Баршаңызды егемен еліміздің Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай атап өтілетін Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн - еліміздің ең басты мерекелерінің бірі. Еліміз мәңгілік болып, туымыз биікте самғай берсін!" -деді ол өз сөзінде.

Мерекелік шара барысында ауданның белсенді азаматтары мен қоғамдық өмірге үлес қосқан тұрғындарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Концерттік бағдарламада патриоттық әндер шырқалып, би және театрландырылған көріністер қойылды. Әсіресе елтаңба мен ұлттық рәміздерді құрметтеу туралы қойылым көрерменге ерекше әсер қалдырды.

"Бүгінгі мерекелік шара көңілімізге ерекше қуаныш сыйлады. Әнұран орындалып, Ту көтерілген сәтте бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Осындай сәттерде өз елімнің азаматы екеніме шын мәнінде риза боламын. Республика күні - тәуелсіз еліміздің тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі. Бүгін кішкентай қызымды  да ертіп келдім. Оған да кішкентайынан елін, жерін сүюді үйреткім келеді. Балалар осындай мерекелерді көріп өссе, жүрегінде Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік қалыптасады деп сенемін. Мұндай шаралар халықты біріктіріп, ұлттық рухты көтереді. Еліміз аман болып, осындай мерекелер жыл сайын кең көлемде аталып өте берсін!" - деді Түрксіб ауданы тұрғыны Ақзер Орынбасар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.