конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі...

Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды

Алматы 11.06.2026, 12:18 270
Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматының Түрксіб ауданы әкімдігінде қоғамдық тамақтану орындары, өндірістік базалар және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында атмосфералық ауаны қорғау және қолданыстағы экологиялық талаптарды сақтау мәселесі қаралды.

Іс-шараға Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мен «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау қағидалары мен қоршаған ортаға келетін кері әсерді азайту шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ экологиялық талаптарды кәсіпкерлік қызмет барысында қолдану тетіктері талқыланды.

Алматыда ауа сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Оның аясында жеке тұрғын үй секторын газдандыру, энергетикалық нысандарды жаңғырту және экологиялық таза қоғамдық көлікті дамыту шаралары жүзеге асырылуда.

Есептеулерге сәйкес, Алматы агломерациясындағы шығарындылар көлемі жылына 225 мың тоннаға жетеді. Оның басым бөлігі Алматы қаласының үлесіне тиесілі. Ауа ластануының негізгі көзі – автокөлік, оның үлесі шамамен 60 пайыз болады.

Кездесу барысында Түрксіб ауданында әлі де газдандырылмаған 108 тұрғын үй бар екені айтылды. Жалпы қала бойынша жеке секторды газдандыру деңгейі 99,4 пайызға жеткен.

Сонымен қатар қалада қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Дизельді автобустарды сатып алу тоқтатылып, ірі энергетикалық көздерді экологиялық таза отын түрлеріне көшіру жалғасуда.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, қаладағы экологиялық жағдайды бірлесіп жақсартуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атмосфера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);