Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданында инженерлік желілерді қайта жаңғы...

Түрксіб ауданында инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Әлеумет 13.12.2023, 05:12 755
Түрксіб ауданында инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Сурет: ашық дереккөз

Түрксіб ауданының Шуақты шағын ауданында инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Әлмерек, Жас Қанат, Нұршашқан және Қайрат ықшамауданда жұмыстар аяқталуда


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ауданның инженерлік желілерін жаңғырту бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Аудан әкімі мәлім еткендей, тамыз айында Шуақты ықшамауданында 400 үйді қамтитын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 20 мың абонентке қызмет көрсететін Тбилисская көшесінің бойындағы 400 метрден астам кәріз эстакадасын қайта жаңарту жүргізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін 2470 абонентке арналған Әлмерек, Жас қанат шағын аудандарында 17,6 шақырым су құбыры мен 18,8 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады.


4200 абонентке арналған Маяк, Нижняя Пятилетка және Закарпатская көшелерінде 2024 жылы аяқталатын 131,3 шақырым су құбыры мен 56 шақырым кәріз құрылысын салу жобалары басталды. Қайрат ықшамаудандарындағы екінші кезектің 40 км су құбыры және су бұру желілерін салу бойынша құрылыс жұмыстары 2024 жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарлануда.



«Сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жұмыстары 2 учаске жалғасуда: ауданның орталық бөлігінде, Рысқұлова – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшелері алаңында және Әуежай көлі маңында. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды басталуы 2024 жылдың екінші тоқсаны», – деді Б. Ақжаров.



Аудан әкімі өз сөзінде электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету шараларын да атап өтті. Мәселен, Шуақты шағын ауданындағы электр беру желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін Әлмерек, Нұршашқан, Қайрат шағын аудандарындағы желілер жаңартылып, одан кейін "АЖК" АҚ желілерімен қызмет көрсету үшін тұрғындарды электр желілеріне ауыстыру жүргізіледі.


Қосылған шағын аудандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында «Тұздыбастау» қосалқы стансасының құрылысы аяқталды.



«Қазіргі уақытта жеке учаскелердің меншік иелерімен сервитут шарттары жасалуда, олар арқылы жеткізу желілері салынатын болады. Жұмыстарды аяқтау жыл соңына жоспарланған», - деді Түрксіб ауданының әкімі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#инженерлік желі #құрылыс #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.