ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Түрксіб ауданы инфрақұрылымды жаңалап жатыр

Түрксіб ауданы инфрақұрылымды жаңалап жатыр

Әлеумет 23.07.2025, 13:11 508
Түрксіб ауданы инфрақұрылымды жаңалап жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түрксіб ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Ақан сері - Шолохов - Сейфуллин көшесінің аумағында су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысын...

Түрксіб ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Ақан сері - Шолохов - Сейфуллин көшесінің аумағында су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысын қамтитын үлкен жоба басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында аудан әкімі осы жұмыстың аяқ алысын баяндады. 

Жоба аясында 18,8 шақырым су құбыры желісі (оның ішінде 6,7 шақ магистральдық және 12,1 шақ абоненттік желі) және 27,9 км кәріз желісі (15,7 км магистральдық және 12,2 км абоненттік желі) салынады. Бұл жоба 1200 абонентке сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. Қазылған 50 мың шаршы метр алаңдағы асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Құрылыс жұмысы 15 айға созылады.

Осы жылдың соңына дейін «Нижняя Пятилетка», «Қайрат» шағын аудандарында, сондай-ақ Қрасногорская, Сүйінбай көшесі мен Асылбеков–Соболев-Сарымолдаев аумағында 143,4 шақырым су құбыры мен 53,1 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады.

Бұған қоса, Тұқай - Норильский - Поддубный - Диксон көшесінің аумағында 9,4 шақырым су құбыры мен 1,1 шақырым кәріз желісінің құрылысы жалғасып жатыр, бұл 2026 жылдың мамыр айында аяқталады. Сонымен қатар жаңа жобалар да әзірленіп жатыр: «Нижняя Пятилетка» шағын ауданында екі кәріздік сорғы станциясының құрылысы жоспарланып, жұмыс 2025 жылдың желтоқсанында аяқталмақ. Рысқұлов - Жансүгіров - Шолохов - Сейфуллин көшесінің аумағында желі құрылысына оң сараптама қорытындысы алынған, ал «Нұршашқан» шағын ауданындағы қамтылмаған аумақтарға жоба әзірленіп жатыр, оны биылғы қарашада аяқтамақшы.  

«Қазір біз су құбыры мен кәріз жүйелерін жаңарту мен салу жағына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Алдағы жылдары, әсіресе жеке тұрғын үй құрылысы орналасқан аумақтарды орталықтандырылған кәріз жүйесімен толық қамтуды көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында бес жоба іске асып жатыр. Алдағы 3-4 жылда ауданымыздағы 25 мың жеке тұрғын үй сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі», – деді Бақытжан Ақжаров.

Осылайша, Түрксіб ауданында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мыңдаған тұрғын үшін сапалы коммуналдық қызметтің кепіліне айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.