AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістанда тұңғыш рет “Еріктіліктен – әлеуметтік...

Түркістанда тұңғыш рет “Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке” атты жастар практикумы өтті

Әлеумет 26.08.2025, 21:59 544
Түркістанда тұңғыш рет “Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке” атты жастар практикумы өтті
Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістан қаласының жастары мен еріктілерін және үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан  алғашқы практикум өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – еріктіліктің қоғамдағы маңызын дәріптеу, түркістандық жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту. Сонымен қатар, еріктілерді әлеуметтік кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы олардың қаржылай тұрақтылығын қалыптастыру көзделген.

Практикум барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысып, халықаралық және отандық гранттарға жоба дайындау мен пичинг тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ табысқа жетудің нақты тәжірибелері мен ұйымдық брендинг құндылықтары да талқыланды.

Шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан облысы Мәслихатының депутаты Инара Намазбаева және өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымның өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Шарада сөз алған Әзімбек Пазылбекұлы: "еріктіліктің қазақ халқының қанына сіңген асыл дәстүр" екенін атап өтті:

"Еріктілер – қоғамымыздың рухани тірегі. Қазақтың "Асар" дәстүрі – соның айқын дәлелі. Бүгінгі күні әлеуметтік кәсіпкерлік – мемлекет қолдап отырған, әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін қуатты құрал. Демек, еріктілік – тек бастама емес, әлеуметтік кәсіпкерлікке жол ашатын үлкен трамплин", – деді ол. Сондай-ақ ол: "Қазіргі таңда Түркістан қаласында 257 үкіметтік емес ұйым  болса, соның 130-ы қаладеңгейінде тіркелген. Бұл – ашық қоғамның басты көрсеткіші. Әрбір ұйымның бастамасы мен еңбегі қаламыздың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп отыр. Осы ретте, Сіздердің барлық ұсыныстарыңызға құлақ асып, қолдауға әрқашан дайынбыз" деді.

Практикумның басты спикері, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, "Global kishkentai" инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева Түркістан қаласында жастарға осындай мүмкіндік жасалғаны үшін алғысын білдірді:

"Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған бұл бастама – Түркістан үшін үлкен серпіліс. Әкімдікке және ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткендері үшін зор ризашылығымды білдіремін", – деді ол.


Шара қорытындысында қоғам белсенділері жастарға әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсететінін атап өтіп, қатысушылар өз идеяларын ортаға салды. Ұйымдастырушылар мұндай практикумдарды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);