AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістанда неке қию дәстүрі жанданып жатыр

Түркістанда неке қию дәстүрі жанданып жатыр

Әлеумет 12.04.2023, 13:51 1,402 Almaty-akshamy.kz. 
Түркістанда неке қию дәстүрі жанданып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

«Neke tour» республикалық байқаудың жеңімпаздары – ерлі-зайыпты он бес жұп неке қию үшін Қазақстанның рухани астанасы Түркістанға жолдама алады. Сонымен қатар жеңімпаздар құрметіне романтикалық кешкі ас, фотосессия және мәдени бағдарлама ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Неке қию – қазақ халқында кең қолданыс тапқан, шариғат жолымен орындалатын дәстүр. Сан ғасырдан бері бұл дәстүр берік некенің кепілі болып келді. Жастар бір кеседен неке суын ішіп, адал болуға ант беретін. Осылайша ата-бабаларымыз ізгі ниет және қос жүректің қалауымен екі жастың басын қосқан.


Түркістанда осынау әдемі дәстүр жанданып жатыр. Open Turkistan туристік-ақпараттық орталығы Түркістан облысының Мәдениет және туризм басқармасымен бірлесіп, ерлі-зайыптылар арасында өтетін «Neke tour» байқауын жариялады. Байқау «Shanyraq», «Махаббат», «Ару» және «Жанұя» атты 4 номинация бойынша өтеді.


Байқау шарттары бойынша, 3-9 сәуір аралығында ерлі-зайыпты жұптар neke-turkistan.kz порталы арқылы қатысуға онлайн-өтінім жолдады. Енді байқау комиссиясы Түркістанға барып, неке қию рәсімін өтіп, сондай-ақ тақырыптық фотосессияға қатыса алатын 15 жұпты анықтауы керек. Жеңімпаз жұптар үшін қосымша тегін рейс, қонақүй және романтикалық кешкі ас ұйымдастырылады. Сондай-ақ, жас жұбайларға Түркістанның көрікті жерлерін аралап, қала бойынша тегін экскурсия ұйымдастырылады. 


 Байқау ұйымдастырлған кезеңде қатысуға Қазақстанның барлық өңірінен дерлік 345 жұп өтінім қалдырды.



 «Байқау туралы біліп, көптеген ерлі-зайыпты жұп қатысуға өтінім жібергеніне қуаныштымыз. Мұндай белсенділік жастардың өз халқының мәдени және рухани құндылығына деген құрметі, сол салт-дәстүрмен өмір сүруге деген құлшынысы байқалады. Неке қию рәсімінің қасиетті мән-мағынасы баянды әрі бақытты отбасылық өмірге жақсы негіз болады», – дейді ұйымдастырушылар.



 «Neke tour» байқауының жеңімпаздары Қазақстанда XIII–XIV ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ғашықтар күні 15 сәуірде жарияланады. Байқау нәтижесі ұймдастырушының @_openturkistan_ парақшасында жарияланады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркістан #неке қию #жеңімпаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);