AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Түркістанда 100-ден астам мұғалімге төленген қаржы...

Түркістанда 100-ден астам мұғалімге төленген қаржы бюджетке қайтарылды

Әлеумет 31.01.2023, 16:00 937 Almaty-akshamy
Түркістанда 100-ден астам мұғалімге төленген қаржы бюджетке қайтарылды
Сурет: Ашық дереккөз

322 педагогті білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде конкурс ережелері сақталмаған.


Түркістан облысында 100-ден астам педагогке төленген қаржы бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Жанар Қасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жүргізген зерделеу жұмыстарының барысында біршама кемшілік анықталған.


Мәселен, өңірде 322 педагогті білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде конкурс ережелері сақталмаған. Бұл бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптарын бұзған 90 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Сондай-ақ, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде өткізу деңгейінің сәйкестігін анықтау мақсатында 228 педагогтің сабағына зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 123 педагогтің сабақ өткізу деңгейі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты қосымша төлем бюджетке қайтарылған.



«Түркістан облысында «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру стандарттары және оларға қойылатын талаптарға» сәйкес келмейтін 731 мектеп бар. Сонымен қатар, өңірде 149 мектептің спорт залы жоқ. 16 мектепте интернет желісі жұмыс істемейді. 908 мектептің 800-ге жуығында сыртқы дәретханалар жабылмаған. Әсіресе, елді мекендерде судың уақытпен берілуі, электр жүйесінің істен шығуы, орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылмауы секілді мәселелер бар», - деді Жанар Қасымова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #мұғалім #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);