AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» КИНОТЕАТРДА!

«ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» КИНОТЕАТРДА!

Мәдениет 10.04.2026, 15:23 632
«ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» КИНОТЕАТРДА!

Бүгін  жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Түркістан сақшылары» атты анимациялық мультфильм көрермен назарына ұсынылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жоба – елімізде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ауқымды бастамалардың жарқын көрінісі.

2026 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялап, бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін бергені белгілі.

Осы стратегиялық бағдар аясында Turkistan телеарнасы да уақыт талабына сай қадам жасап, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ақпараттық кеңістікте тиімді пайдалануға кірісті. Телеарна үшін бұл тек техникалық жаңару ғана емес, шығармашылық ойлау жүйесін жаңа деңгейге көтеретін маңызды құралға айналды. Нәтижесінде ақпараттық өнімнің сапасы артып, көрерменге мазмұны терең, формасы жаңашыл контент ұсыныла бастады.

Бұл бағытта жүзеге асқан жобалардың бірі – жасанды интеллект арқылы жасалған виртуалды жүргізуші Күншуақ Табиғатқызы. Ол бүгінде тұрғындарға күнделікті ауа райы болжамын ұсынып, жаңа технологияның өмірімізге қаншалықты жақын ене бастағанын айқын көрсетіп келеді. Ал телеарнаның ең ауқымды әрі мазмұны терең төл туындысы ретінде «Түркістан сақшылары» мультфильмін атауға толық негіз бар.

Үлкен экран арқылы көрерменге жол тартқан бұл мультхикая шытырман оқиғаларға толы, тартымды сюжетімен ерекшеленеді. Туындының басты мақсаты – ұлттық мазмұнды заманауи форматта ұсыну, сондай-ақ отандық анимация өнерінің дамуына тың серпін беру. Осы орайда мультфильмде Түркістан өңірінің бай тарихы, терең мәдениеті мен рухани мұрасы жаңа көзқараспен қайта жаңғырған.

Кейіпкерлердің бейнесі, қимыл-қозғалысы, табиғи көріністер мен әсерлі динамикалық эффектілердің барлығы жасанды интеллект технологиясының көмегімен жасалған. «Түркістан сақшылары» дәстүрлі құндылықтарды заманауи технологиялық жаңашылдықтармен үйлестіре отырып, көрерменді тарихи аңыздар мен қиял-ғажайып әлем астасқан ерекше рухани кеңістікке жетелейді.

Ұлттық рухты жаңа форматта сөйлеткен бұл анимациялық жоба көрерменге өзгеше әсер сыйлап, жас ұрпақтың тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттырады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мультфильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);