AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұстал...

Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Оқиға 08.04.2026, 15:44 570
Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Түркістан облысында полицейлер Қазығұрт ауданында мал ұрлығымен айналысқан топты қолға түсірді. Күдіктілердің әрекетінен жергілікті тұрғынға шамамен 5 млн теңге шығын келген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Түркістан облысында Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы мен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар топты ұстады.

ІІМ мәліметінше, полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар 20-дан астам қойы мен сиырын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 5 млн теңгені құраған.

Осы қылмысты ашу үшін полицейлер жедел-тергеу шараларын жүргізіп, жиналған айғақтарды саралаған. Нәтижесінде 20 мен 35 жас аралығындағы бес күдікті анықталып, ұсталды.

Тінту кезінде күдіктілердің бірінің үйінен 17 бас қой мен бір сиыр табылып, тәркіленді. Тергеу мәліметінше, ұрланған малдың бір бөлігі базарда сатылып кеткен. Ал одан түскен ақшаны күдіктілер өз қажетіне жұмсап үлгерген.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);