Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Түркиядағы құтқарушылардың екінші тобы елге оралды

Түркиядағы құтқарушылардың екінші тобы елге оралды

Әлеумет 20.02.2023, 03:30 800
Түркиядағы құтқарушылардың екінші тобы елге оралды
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды


Түркияның Нурдагы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды. ТЖ министрі Юрий Ильин мен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) да құтқарушылардың алдынан шығып, олардың әрқайсысына атқарған қиын жұмысы үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ олардың іс-әрекеттерін кәсіби, ержүрек және нәтижелі деп бағалады.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары, оның ішінде Қазақстан ТЖМ техникасы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологиялық есептоптар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.


Естеріңізге сала кетейік, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #құтқарушылар #зілзала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.