AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрма...

Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды

Оқиға 10.02.2023, 02:45 936
Түркияда зілзалада із-түзсіз кеткен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды
Сурет: Ашық дереккөз

Қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды


Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді.


«Біз одан айырылып қалдық»,- деп жазылған хабарламада.


Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан.



«Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі шығарылды. Үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына жету үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасады. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтер қайта құламас үшін тосқауылда кішкентай саңылау жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.



Еске сала кетейік, біз бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирболат Құрмашевтің Түркияда жоғалып кеткенін хабарлаған едік.


Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген.


Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған.


Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Оның екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы.


Оның ішінде Сабина Мамадьярова аман табылды, ал бүгін Әділ Қадірбековтің денесі үйінді астынан шығарылды. Үшінші адам - Түркия азаматы да мерт болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #құтқару #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);