ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Түркияда қазақ тағамдарына деген сұраныс жоғары

Түркияда қазақ тағамдарына деген сұраныс жоғары

Әлем 27.09.2022, 04:37 1,505
Түркияда қазақ тағамдарына деген сұраныс жоғары
Cурет: El.kz
Еліміздің үлкен қалаларында түрік асханаларын да жиі кездестіреміз. Дегенмен Түркияда да қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс жоғары екен. Бұған соңғы уақытта Ыстамбұлда бірнеше қазақ...

Еліміздің үлкен қалаларында түрік асханаларын да жиі кездестіреміз. Дегенмен Түркияда да қазақтың ұлттық тағамдарына сұраныс жоғары екен. Бұған соңғы уақытта Ыстамбұлда бірнеше қазақ мейрамханасының ашылуы дәлел, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Швейцариялық кәсіпкер Харун Түркияда тұратын туыстарына жиі келіп тұрады. Келген сайын қазақ тағамдарын іздеп жүріп жейді екен. Себебі қазақы мәзірмен ұсынылған мұндай кең дастархан басқа жерде жоқ дейді.


«Мен Швейцарияда тұрам. Әлемнің көптеген елдерін араладым. Бір рет Алматыда болдым. Сол кезде қазақ тағамдарының дәмін алғаш рет таттым. Содан бері қай жерде қазақ мейрамханасы болса арнайы барам. Себебі сіздердің қуырдақ пен бауырсаққа жететін тағам жоқ», - дейді Швейцария азаматы Харун. 

Ыстамбұлда соңғы бір жылда үш бірдей қазақ мейрамханасы ашылды. Шетелдіктермен қатар бұл орындарға елдің дәмін аңсаған қазақстандықтар да жиі келеді. 


«Осымен екінші рет келіп тұрмын. Тағамдары ерекше. Әсіресе, қымыздың қышқыл дәмін ұнаттым. Сосын мейрамхананың ішкі безендіруі қатты ұнады. Ою-өрнек, әдемі көрпелер. Құдды бір мұражайда отырғандай боласың», - дейді Ыстамбұл қаласының тұрғыны Минур Тас. 

Әлемге танымал түрік тағамдарымен бәсекелесу оңай емес. Дегенмен табиғи әрі нәрлі ұлттық дастарханымызды кез келген елде ұялмай ұсына аласың дейді осы кәсіпті дөңгелетіп отырған Данияр.


«Өзіміздің ұлттық тағамдарымызды, ұлттық дәстүрімізді осы Ыстамбұлда көрсеткеннен кейін, бұл жақта өзге ұлт өкілдері өте көп. Ыстамбұлға демалысқа келіп жатқандар өте көп. Тек қазақтармен шектеліп қалмай өзге ұлттарға да біз қонақ қылып күтіп жатқан жайымыз бар. Біздің тағамдар тойымды ғой. Әсіресе, ер азаматтарға біз деликатес деп айтып қоямыз күліп. Басқа ұлттар келіп ризашылығын білдіріп кетеді», - дейді кәсіпкер Данияр Иманбақов.

Әлемде Италия, Түркия мен Қытай асханалары ең танымал дейді мамандар. Дегенмен, әспеттей білсе, ұлттық тағамдарымызды да дүниежүзілік деңгейге көтеруге болады. Әр қалтарысында бір дәмхана бар Ыстамбұлда қазақ тағамдарына сұраныстың жоғары болуы осыны меңзейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.