ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Түркияда оқитын қазақ студенттері құтқарушыларға к...

Түркияда оқитын қазақ студенттері құтқарушыларға көмектесіп жүр

Әлем 20.02.2023, 04:52 796
Түркияда оқитын қазақ студенттері құтқарушыларға көмектесіп жүр
Сурет: Aikyn.kz
Апаттан зардап шеккен Түркияға күллі әлемнен құтқарушылар мен дәрігерлерден бөлек, еріктілер, кәсіпкерлер және басқа да қайырымды жандар көмекке ұмтылды.

Апаттан зардап шеккен Түркияға күллі әлемнен құтқарушылар мен дәрігерлерден бөлек, еріктілер, кәсіпкерлер және басқа да қайырымды жандар көмекке ұмтылды.


Зілзала болған аймаққа қандай да бір пайдам тиер деген үмітпен талай адам қауіпті болса да, осы өңірге келіп жатты. Қазақстандықтардың да осы апаттың зардаптарын жоюға қосқан үлестері орасан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жер сілкінген аймаққа ерікті болып келген жастардың бірі - Омар, ол - Стамбул қаласында оқитын студент. Ол қазақстандық құтқарушыларға аудармашы болып, үйінді астында қалған адамдарды шығаруға аз да болса септігім тисе деген үмітпен келген.



«Құтқарушыларға қандай көмек қолын соза аламын деген ой болды. Мен түрік тілін білгендіктен, түрік тілін білмейтін құтқарушыларғааудармашы ретінде көмектесуге келдім. Ыстық тамақтары болсын, шәйлары болсын, біз құтқарушыларға қолымыздан келгенше көмектесуге келдік. Ешқандай қиындық болған жоқ», - дейді ерікті Омар Айқожа. 



Қазақстандық құтқарушылар Газиантеп пен Нұрдағы қалаларында 10 күн бойы күндіз-түні жұмыс істеді. Олардың жатын орындары мен тамағын дайындап, апат орнына арнайы көліктермен барып-келуін қамтамасыз еткен түрік кәсіпкері Искендер осы арқылы көмекке келген бауырларға ризашылығын білдіргісі келгенін айтады.



«Мен үшін Қазақстанның орны ерекше. Себебі дос елдер көп, ал Қазақстан - біздің бауырымыз. Қазақстанның барлық қалаларындағы бауырларымызға өзімнің атынан, елдің атынан ерекше алғысымды білдіремін. Қиын күндерде жанымыздан табылды, бізге үлкен қолдау көрсетті. Сол үшін елшілікке, құтқарушыларға, барлық қазақстандықтарға рахмет»! - дейді кәсіпкер Искендер Каплан. 



Апат болған аймақта бірінші күннен бастап Қазақстанның Түркиядағы елшілігі біздің азаматтарды эвакуациялаудан бастап, құтқарушылар қызметін үйлестіруге дейінгі жұмыстарды реттеп отырды.



«Біз дипломат болғандықтан, осы құтқару аймағында 7/24 сағат бойы табылдық. Алғашқы күннен бастап. Газиантеп қаласына келген тұңғыш шетелдік миссия болдық. Елшіміздің өзі бастап келген дипломаттар тобы болды. Газиантеп қаласындағы жергілкті билікпен тиімді іс-әрекеттер құрып, біздің құтқарушылардың жұмыстарын уақтылы және сапалы атқарулары үшін керекті жағдайлар жасалды», - дейді Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің кеңесшісі Нұриддин Аманқұл.



"Ағайынның қадірін іс түскенде білерсің" деген нақыл дәл қазір Түркия халқы үшін өте өзекті. Қиын жағдайда қалған елге қол ұшын созған әр азаматқа түркиялықтардың ризалығы шексіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.