ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Түркияда Мұстафа Өзтүріктің туыстары жер сілкінісі...

Түркияда Мұстафа Өзтүріктің туыстары жер сілкінісінен зардап шекті

Оқиға 08.02.2023, 12:23 1,120
Түркияда Мұстафа Өзтүріктің туыстары жер сілкінісінен зардап шекті
Сурет: Ашық дереккөз
Жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам шатырлар құрылған

Жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам шатырлар құрылған


Соңғы ақпарат бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен 9557 адам қаза тапты. Тағы 40 мыңға жуығы жарақат алған. Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі, министрдің мәлімдеуінше, апат мың шақырымға жуық аумаққа әсер еткен. Ол жерде шамамен 13 жарым миллион адам өмір сүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар-24 телеарнасына сілтеме жасап.


Түркияда 7 баллдан жоғары қос жер сілкінісінен кейін тұрғындар аймақта 11 302 ғимараттың қирағанын хабарлады. 5 775 нысанның бұзылғаны ресми тіркелді. Осы уақытқа дейін қуаттылығы әртүрлі 684 сейсмикалық толқу болды. Қайталанып жатса, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін  жергілікті әкімшілік- халыққа апатты ғимараттарға жақындамауын ескертті. 



- 55 сағатымызды аяқтадық. 7,7 баллдан кейін біз 7,6 баллдық екінші жер сілкінісін бастан өткердік. Күрес ең сезімтал және қарқынды түрде жалғасуда. Измирдегі жер сілкінісінің 110-сағатында үйінді астынан сәбилеріміз бен балғындарымызды алып шықтық. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстарын осы мотивациямен табанды түрде жүргізіп жатырмыз, - дейді Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум. 



Өкінішке қарай, Хатай провинциясында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған. Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ. Тап қазір қаракөздерімізге көмектесу үшін Ыстамбұлдан бір топ еріктілер шыққан. 



- Қазір Антакияға (Хатайға) кірдік. Жүк көлігінің ішіндеміз. Жығылған үйіміз бар. Үйіндінің ішінде қазақ әпкеміз бен қарындасымыз бар. Соларға көмектесу үшін бара жатырмыз. Жолдар өте қиын. Машиналар жүрмейді. Көмек үшін фурамен жүрміз. Ішінде аттар бар. Сол көмекке апаратын. Тез уақытта жетуіміз керек. Әпкеміз бен қарындасымыз үш күннен бері жығылған үйдің астында. Соған тез көмек сұрап отырмыз, - дейді Еркан Шалышкан. 



Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам шатырлар құрылған. Онда зілзаладан зардап шеккен тұрғындар орналастырылмақ. Бұдан бөлек Ыстамбұл биржасының транзакциялардың уақытша тоқтатылғаны белгілі болды. Айта кеткен жөн, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісін 3-деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.