Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жылдығы тойланды

Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жылдығы тойланды

Әлеумет 01.07.2022, 17:05 1,480
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жылдығы тойланды
Cурет: Ашық дереккөз

Ақынның ұстанымы күллі түркі үшін ортақ


Күні ертең Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 80 жасқа толады. Айтулы күнге орай халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқысымен Анкарада халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 


Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан бастау алды. Келелі жиын халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылды. Ақынның қатысуымен өткен шарада түбі бір түркі жұртының елшілері түгел бой көрсетіп, қоғам қайраткерлері мен көрнекті өкілдері жиналды. Халықаралық конференцияда Шахановтың әдебиет пен қоғам өміріне сіңірген еңбегі кеңінен талқыланды. 



«Мұхтар Шаханов – түркі дүниесіне ортақ ақын. Ол тек қазақ елінің емес, түркі жұртының рухани тұлғасы. Мұхтар ағай айтты, менің бірінші мерекемді ТҮРКСОЙ-дан бастаймын деді. Бүгін біз мерейтойлық шаралардың тұсауын кесіп отырмыз. Алдағы уақытта Қырғызстанда, түркі мемлекеттерінде болады. Қазақстанда өтеді. Мұхтар Шаханов – қазақ пен қырғыздың емес, бүкіл түркінің рухы, қайнар бұлағы»,- дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтанбек Раев.



Анадолы жұрты Мұхтар Шахановты Мағжан Жұмабаевқа теңейді. Ақынның ұстанымы күллі түркі үшін ортақ, – дейді Түркия президентінің бас кеңесшісі. 



«Мұхтар Шаханов қазақтың зиялысы. Шығармаларының мазмұны мықты. Қазақтан шыққан зиялы, бүкіл түркі халықтары үшін құнды. Оның пікірлері түркі әлемі үшін маңызды. Тіпті бүткіл адамзат үшін»,-дейді Түркия президентінің бас кеңесшісі Ялчын Топчу.



Түркі жұрты үшін Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматов – егіз ұғым. Сондықтан қырғыз халқының ақынға деген ықыласы ерекше.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Шаханов #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.