AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Түркияда Ахмет Байтұрсынұлына арналған конференция...

Түркияда Ахмет Байтұрсынұлына арналған конференция өтті

Тұлға 08.09.2022, 09:33 1,916
Түркияда Ахмет Байтұрсынұлына арналған конференция өтті
Сурет: Egemen.kz

Анкарада «Тіл туының тұғыры - Ахмет Байтұрсынов» атты ұлт ұстазының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған конференция өтті.


Аталған іс-шараға Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Памуккале университетінің оқытушысы профессор, ғылым докторы Нергис Бирай, Еуразия жазушылар одағының төрағасы, ғылым докторы Якуп Өмероғлу, Анкара Хажы Байрам Вели университетінің оқытушысы профессор, ғылым докторы Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун, Хаджеттепе университетінің оқытушысы, профессор, ғылым докторы Өзкүл Чобаноғлу, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және қазақ-түрік студенттері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Елші өз сөзінде А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, қазақтың әліпбиін қолданысқа енгізіп қазақ тілінің аясын кеңейткенін және қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізіп, сол кездегі дамыған елдермен терезесі тең болуы үшін жүргізген күресі мен еңбектеріне тоқталып өтті.


Г. Құрманғалиева-Ержиласун өзінің баяндамасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, ғылыми еңбектері, қазақ ғылымына қосқан орасан зор үлесі жайында баяндама жасады.






Н. Бирай Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің әліпбиі, оның оқытылуы, тіл жөніндегі пікірлері, қазақ терминологиясы және қазақ әдебиетінің оқыту мәселелері туралы зерттеген ғылыми жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.


Өз сөзінде Я.Өмероғлу биылғы «Кардеш калемлер» журналының қыркүйектегі арнайы саны Ахмет Байтұрсынұлына арналып отырғанын хабарлады. Журналда ұлт ұстазының ғылыми мұралары мен мақалалары, сондай-ақ әр жылдары табылған қолжазбалары мен тұтынған жәдігерлерінің суреттер жарияланған.


Ғылым докторы Ө. Чобаноғлу Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тіліне бейімдеп шығарғанын және бұл кітап сол кездегі қазақ халқының ағарту ісіне қосқан ерекше үлесі екенін баяндады.


Конференцияның аяғында Түркия университеттерінде білім алып жүрген студенттер мен докторанттар А. Байтұрсынұлының өлеңдері мен шығармаларын оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.






 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Анкара #Ахмет Байтұрсын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);