ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Түркия алғаш рет ғарышқа өз спутнигін ұшырады

Түркия алғаш рет ғарышқа өз спутнигін ұшырады

Әлем 10.04.2023, 10:49 1,095
Түркия алғаш рет ғарышқа өз спутнигін ұшырады
Сурет: Astanatv.kz
IMECE атты алғашқы түрік бақылау спутнигі орбитаға 11 сәуірде ұшырылады.

IMECE атты алғашқы түрік бақылау спутнигі орбитаға 11 сәуірде ұшырылады.


Бұл туралы 9 сәуір, жексенбіде, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter аккаунтында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 



«Түркия білікті кадрлар, мүмкіндіктер мен өзі жасаған технологиясын жаһандық ғарыш бәйгесіне қосуын жалғастырады», - деп жазды Мемлекет басшысы.



IMECE спутнигін Түркияның ғарыштық технологиялар ғылыми-зерттеу институтының (TÜBITAK UZAY) инженерлері жасаған.


Сейсенбі, 11 сәуірде, спутниктің ұшырылуына байланысты институт аумағында салтанатты рәсім өтеді, онда жиналғандарға Түркия Президенті бейнеүндеу жолдайды.


Жиынға Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк қатысады.


Түркияның шетелдік спутниктік технологияларға тәуелділігін төмендететін IMECE спутнигін Space X түрік уақытымен таңғы 09.50-де ұшырады.


Дәл сол зымыран түрік ғарыш компаниялары жасаған AKUP, KILIÇSAT және CONNECTA T2.1 спутниктерін ғарышқа алып ұшады.


IMECE спутнигі 21 ақпанда АҚШ-тың Ванденберг әуе базасына жеткізілген. Кахраманмараш провинциясындағы жер сілкінісінен кейін елде қалыптасқан жағдайға байланысты тиісті рәсім жасалған жоқ.


IMECE жерсерігі 2017 жылы жасала бастады. Ол 680 шақырым биікте жұмыс істейді.


Спутник планетаның барлық бұрышынан суретке түсіре алады, табиғи апат туралы мәлімет береді, картографияда және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.


Азаматтық мақсатта да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында да пайдалануға болатын спутниктің есептік қызмет ету мерзімі - бес жыл.


Құрылғының салмағы - шамамен 700 кг, көлемі - 2x3, 1 метр.


Бірінші реттен-ақ ұзындығы 1000 км және ені 16,73 км аумақты суретке түсіре алады және суреттерді секундына 320 мегабайт жылдамдықпен жерүсті станциясына жүктеуге шамасы жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.