ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақт...

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Алматы 17.05.2025, 13:12 651
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты
сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 14–16 мамыр күндері Қазақстанның Түркістан қаласында « Заман мен мәдениеттер диалогында Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» тақырыбында Халықаралық...

2025 жылғы 14–16 мамыр күндері Қазақстанның Түркістан қаласында « Заман мен мәдениеттер диалогында Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтті. Аталған шараға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Симпозиумның ашылуында сөз сөйлеген Ақтоты Райымқұлова Түркістанның Түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі маңызына ерекше тоқталып, ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің ілімі қазіргі заманда да адамзат үшін маңызды моральдық бағдар болып қала беретінін атап өтті. Ол Түркі мәдениеті және мұрасы қоры жүзеге асырып жатқан негізгі бастамалармен таныстырды. Олардың қатарында – тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жобалары, TurkicHeritage халықаралық цифрлық платформасы мен көптілді каталогты әзірлеу, Түркі мемлекеттері мен шетелдердегі жетекші университеттер жанынан Түркі мәдениеті орталықтарын ашу, сондай-ақ түркі эпостары мен дәстүрлі қолөнер үлгілерін ЮНЕСКО тізіміне ұсыну сияқты бастамалар бар.

Өз сөзінде Қор басшысы Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасын әзербайжан тіліне аудару жұмысына да арнайы тоқталып өтті. Бұл бастама – Ясауи мұрасын түркі халықтары арасында кеңінен таратуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Симпозиум Ясауи мұрасын гуманистік көзқарас тұрғысынан зерделеу арқылы заманауи сын-қатерлерді талқылауға арналған маңызды ғылыми-рухани алаңға айналды.

Айта кетейік, симпозиумның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі (пленарлық отырыстың модераторы) Саясат Нұрбек, Индиана университетінің профессоры (АҚШ) Девин Де Уис және Анкара университетінің профессоры (Түркия) Али Рафет Озкан болды.

Пленарлық отырыс пен секциялық сессиялар аясында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Иран, Жапония, Германия, Үндістан, Ресей, Италия, Қытай және АҚШ-тың жетекші зерттеушілері мен сарапшылары ғылыми баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.