AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Түркі әлемінің ортақ медиа кеңістігін қалыптастыру...

Түркі әлемінің ортақ медиа кеңістігін қалыптастыру – стратегиялық міндет

Барлығы 18.11.2025, 12:37 634
Түркі әлемінің ортақ медиа кеңістігін қалыптастыру – стратегиялық міндет
facebook.com/Naziya Zhoyamergenkızı

Алматы қаласында екі күнге созылған "Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер" атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына арнайы келген Қырғыз Республикасы Журналистер одағының төрағасы Илязбек Балташев өз сөзінде түркі елдерінің ақпараттық интеграциясы ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір өнер, мәдениет, кино және басқа салалар бойынша байланыс жақсы жолға қойылғанымен, медиа саласындағы бірлескен жобалар жеткілікті деңгейде дамымаған.

"Қазіргі медиа кеңістік өте жылдам өзгеріп жатыр. Цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, алгоритмдер мен әлеуметтік желілер қоғамның ойлау жүйесін қалыптастырып, ақпарат қабылдау мәдениетіне тікелей ықпал етуде. Осындай кезеңде ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, мәдени код пен рухани құндылықтарды қорғау аса маңызды. Әйтпесе жаһандық ақпарат толқынында өзімізді жоғалтып алу қаупі бар", - деді қырғыз елінен келген өкіл.

Ол бұқаралық ақпарат құралдарының миссиясы тек ақпарат тарату емес екенін, олардың идеологиялық тұрақтылықты, ұлттық бірегейлік пен рухани тұтастықты сақтауда үлкен рөл атқаратынын баса айтты. Спикердің айтуынша, түркі халықтарын біріктіретін ортақ құндылықтар бар, ал сол құндылықтарды заман талабына сай насихаттау – ортақ міндет.

Илязбек Балташев түркі мемлекеттерінде қуатты медиа платформалар мен ақпарат агенттіктері болғанымен, олар бір-бірінің өнімдерін толық пайдалана алмай отырғанын сынға алды. Оның пікірінше, бұл ортақ стандарттың, бірыңғай технологиялық жүйенің және келісілген контент саясатының жоқтығынан.

"Егер біз түркі елдерінің ақпараттық кеңістігін біріктіретін ортақ жаңалық агрегаторын жасап, оны жасанды интеллектке негіздесек, бұл стратегиялық серпіліс болар еді. Түркі мемлекеттерінің ақпарат агенттіктерінен жаңалықтарды бір жерге жинап, бірнеше минут ішінде бүкіл өңірге тарата алатын цифрлық платформа құрылса, журналистика да, ақпараттық саясат та жаңаша деңгейге көтеріледі", - деді ол.

Спикер форумның басты миссияларының бірі – осы бағыттағы мәселелерді ашық талқылау екенін атап өтті. Түркі әлемінің ортақ ақпараттық жүйесін құру, контент алмасуды күшейту, цифрлық журналистиканы дамыту алдағы жылдарға арналған маңызды стратегиялық мақсаттардың қатарында тұр.

Форум қатысушыларының айтуынша, мұндай бастамалар түркі елдерінің ақпараттық тәуелсіздігін нығайтып қана қоймай, рухани тамырды, мәдени бірегейлікті сақтауға ерекше үлес қосады. Іс-шара екі күн бойы жалғасып, қатысушылар тәжірибе алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқыламақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркітілдес журналистер қоры #Түркітілдес журналистер медиа форумы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);