AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсеті...

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

Барлығы 24.10.2025, 11:08 478 Сұлу
Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі
Алматы әкімдігі

Алматыда UN Tourism (БҰҰ Туризм) ұйымының туристік индустрияда әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мәселесіне арналған алғашқы өңірлік конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараны ұйым Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция Еуропа мен Орталық Азия елдерінің үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, бизнес пен үкіметтік емес секторды біріктірді.

Қазақстан туризм саласындағы гендерлік теңсіздікпен күресуге бағытталған UN Tourism-нің Centre Stage атты флагмандық бастамасына белсенді қатысып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты – әйелдердің жетекшілік лауазымдарға, кәсіпкерлікке, технологияға және білімге қолжетімділігін кеңейту.

Конференция аясында өткен министрлік деңгейіндегі дөңгелек үстелде гендерлік теңдікті ілгерілетудегі саяси ерік-жігердің маңызы талқыланды. Сондай-ақ, туризм саласындағы әйелдер жиі кезігетін цифрлық теңсіздік пен әлеуметтік стереотиптер тақырыбында панельдік сессиялар өтті.

Centre Stage бастамасы аясында Қазақстанда 200 әйел-маманды оқыту, ақпараттық науқан жүргізу және әйел-кәсіпкерлерді қолдауға арналған арнайы шаралар әзірлеу жоспарланған.

«Әйелдер - Қазақстанда және бүкіл өңірде тұрақты туризмнің болашағын қалыптастыратын күш. Centre Stage бағдарламасы арқылы біз әйел-кәсіпкерлер мен кәсіби мамандарға қажет дағды, қолдау мен сенім ұялатып, олардың көшбасшылық әлеуетін ашуға көмектесеміз», – деді UN Tourism атқарушы директоры Зорица Урошевич.

Алматы қаласы Туризм басқармасында бұл конференцияның қала индустриясы үшін пайдасы айтылды. 

«Бұл конференция жай ірі халықаралық іс-шара емес. Бұл Алматының туризмдегі тең мүмкіндіктер мен тұрақты дамуға бағытталған жаһандық қозғалысқа қосқан үлесі. Әйелдердің көшбасшылығын, олардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау – бүкіл саланың өсуіне стратегиялық ресурс. Конференцияның Алматыда өтуі туризм индустриясына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ешанова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйел #қолдау #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);