Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Туристерді тек экологиялық көлікпен апаруды ұсынды

Туристерді тек экологиялық көлікпен апаруды ұсынды

Әлеумет 09.09.2023, 07:27 1,175
Туристерді тек экологиялық көлікпен апаруды ұсынды
Сурет: ашық дереккөз

 «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы, Іле-Алатау ұлттық сабағының директоры мен Алматы қаласының әкіміне ашық хат жолдады. Онда Іле-Алатау ұлттық паркінің Үлкен Алматы шатқалындағы жағдай айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ашық хатта қоғам мүшелері 2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылғанын, алайда, бүгінге дейін ешқандай жол жөндеу жұмыстары жасалмағанын жазды.


«2020 жылдың наурыз айында бірнеше учаскеде шұңқырлар мен опырылымдар пайда болуына байланысты ҮАК-ға баратын жол жабылды. Ол жолмен жүру автокөліктің барлық түрі үшін қауіпті болды. Үш жыл бойы туристер ҮАК-ға тек жаяу бара алды. Сондай-ақ бұл жылдары жолмен жүру шектеулі болды, яғни көлдің жанында орналасқан ұйымдардың қызметкерлері ғана жүре алады. Автожол ҚазАвтоЖолға қарайды. Екі жыл бойы компания жолды қайта құру жобасын әзірледі. 2022 жылдың көктемінде қоғамдық тыңдау өтті. Жөндеу жұмыстары 2 жылдан соң аяқталуы керек болатын. Алайда, осы уақытқа дейін жол жөндеу жұмыстары тіпті басталған да жоқ», - деп жазады қоғам мүшелері.


Алайда, жолдың жабылуы қоршаған ортаға пайдалы болды.


Көп туристердің, қоқыс пен шудың жоқтығын пайдаланып көлдің жағасына жабайы жануарлар түсе бастаған.


Сондай-ақ шектеулі түрде болса да туризм ақырындап дамып жатты. Жаяу туристер сонда да көл мен оның айналасына келіп жүрді.


«2023 жылы күтпеген жерден көлге баратын жол ашылды. Ал жол әлі жөнделмеген әрі қауіпті күйінде қала берді. Оның үстіне өткен жылдар ішінде беткейде шұңқырлар мен опырылған жерлер молая түскен. Кей жерлерде жол бір жолаққа дейін тарылған. Бір апта ішінде көлге хаос қайта оралды. Келушілер тар жолда бірнеше сағаттық ұзын-сонар кептелісте тұра бастады. Бірнеше күнде мұнда бірнеше жол апаты болды, адамдар зардап шекті. Таулы шатқалдың экожүйесі күшті рекреациялық жүктеме, шу, автокөлік газы мен қоқыстан қайта зардап шеге бастады. Сондай-ақ мұнда көп турист үшін жағдай жасалмаған. Іле Алатауы інжу-маржаны саналатын Үлкен Алматы көлінің тағдырына бей-жай қарамайтындардың атынан көлге баратын жолды шектеуді талап етеміз. «Медеу-Шымбұлақ» автожолында жасалғандай, адамдарды қоғамдық экологиялық көлікпен көлге тасымалдау қажет», - деп мәлімдеді «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамының мүшелері.


Экологиялық қоғам Үлкен Алматы көлінің жанашырларын үндеуді қолдауға шақырып, әркім eotinish.kz порталы арқылы өз атынан хатқа қол қойып, жібере алатының хабарлады.


Айта кетейік, Үлкен Алматы көлі - Іле Алатауы мен Қазақстанның басты көрікті жерлерінің бірі.


Ол Алматыдан 15 шақырым қашықтықта Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында орналасқан.


2014 жылы «Алматы қаласының шекарасын өзгерту» туралы Президент Жарлығымен Үлкен Алматы шатқалының бір бөлігі қаланың әкімшілік шекарасына берілген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #Үлкен Алматы көлі #Орман шаруашылығы #туризм #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.