Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Турист тартудың тың әдісі

Турист тартудың тың әдісі

Әлеумет 27.09.2023, 05:38 830
Турист тартудың тың әдісі
Сурет: видеодан алынды

Жапонияда турист тартудың тың әрі тиімді әдісі жүзеге аса бастады.


Саяхаттауға келген қонақтарды рикша арбасымен ер азаматтар емес, қыз-келіншектер тасиды. Сондай-ақ олар жолаушыларға елдің тарихы, салты мен мәдениетінен жаңа мәлімет беріп, қос міндетті қатар атқарып жүр, деп хабарласты Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Рикша - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Жапонияда кең таралған көлік. Салмағы 250 келіге жететін арба негізінен ер-азаматтарға лайықтап жасалған. Бірақ нарықтағы сұраныс жүргізуші қыз-келіншектердің де қатарын арттырды. 


Рюта Нисио, «Рикша жүргізушілер бірлестігінің» президенті:



«Біздің компаниядағы 90 рикшаның 25-ін әйелдер жүргізеді. Нәзіктігіне қарамастан арулар ауыр рикшаны тізгіндеп жүр. Мінген жолаушыларға Токионың тамаша жерлерін көрсетіп, таныстырып, мәдениетімізді ұлықтайды. Сондықтан келешекте әйелдерге рикша жүргізуді жеңілдететін қолайлы жағдай қалыптастырып, қатарын көбейтсем бе деймін».



Кейбір қыздар тіпті ұлттық киім киіп алған. Осылайша олар қызмет көрсету сапасын арттырамыз дейді.


Юка Акимото, рикша жүргізушісі:



«Алғашында бәрі маған таңырқай қарайтын. Кейде жұмыс барысында арбаны құлатып алған сәттер де болды. Қоғамда рикша тізгіндеу тек ерлерге ғана тән деген пікір қалыптасқан. Меніңше, кез келген жұмыс ер-әйел деп талғамайды. Жұмысым өзіме ұнайды. Жолаушыларымды үнемі жымия қарсы алып, күлімдеп шығарып саламын».



Рикша жүргізушісіне талап жоғары. Қарбалас кезінде кептелістен жылдам шығып, жолаушыны діттеген жеріне жеткізе білу қажет.


Аслы Түрксевен, турист:



- Бастапқыда бұл қыздың бізді апара алатынына сенімсіз болдым. Бірақ әйел болғанына қарамастан жұмысын тыңғылықты істейді екен. Қызметіне ризамын.



Рикша жүргізетін арулар көптеп адам тарту үшін әлеуметтік желіні белсене пайдаланады. Ғаламтор арқылы іздеп тапқан шетелдіктер арба тізгіншілеріне алдын ала кезекке тұрады. Осылайша күнкөріс қамын күйттеген қыз-келіншектер елдің туризм саласын дамытып әрі еңбектің озық үлгісін көрсетіп жүр.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі