AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік...

Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді

Алматы Бүгін 19:10 52
Ұлттық ұлан офицерлері алматылық оқушыларға ерлік сабағын өткізді
Ұлттық ұлан

Республика күні қарсаңында Алматыда № 210 мектеп-лицейінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы офицерлерінің қатысуымен «Ерлік пен елдік – ұрпаққа аманат» атты ерлік сабағы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу ұландықтардың ерлігі мен Отанға адал қызмет ету тақырыбына арналды.

Оқушыларға әскери борышқа адалдық, заңды құрметтеу және қиын сәтте көмекке келуге дайын болудың маңызы айтылды. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің сын сағатта табандылық пен батылдық танытып, Отан алдындағы борышына адал болған нақты оқиғаларына ерекше назар аударылды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кеңесшісі майор Әлібек Әбділов елге қызмет ету өз ісіне адалдық пен жауапкершіліктен басталатынын атап өтті.

– Мектеп қабырғасында мінез бен жауапкершілік қалыптасады. Қандай мамандық таңдасаңдар да, бастысы - өз ісіңді адал атқарып, елге пайдаңды тигізу. Білім алудан жалықпаңдар, қиындықтардан қорықпаңдар және алдарыңа үлкен мақсаттар қойыңдар, – деді майор Әлібек Әбділов.

Ерлік сабағында майор Жандос Баянбаевтың қызмет барысында көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы сөз болды. Оның қарулы қылмыскердің шабуылына тойтарыс беріп, ауыр жарақат алғанына қарамастан қызметтік міндетін орындауы әскери борышқа адалдықтың айқын үлгісі ретінде айтылды. Бұл ерлігі үшін офицер III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери антқа адал болу – Ұлттық ұлан қызметінің негізгі бағыттары. Әскери қызметшілердің батыл әрекеттері мемлекеттің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлес қосады. Ал Отан қорғаушылардың ерлігін дәріптеу жас өрендердің бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрінің музыкалық бағдарламасымен және Құрмет қарауылы ротасы әскери қызметшілерінің саптық дефилесімен аяқталды. Оқушылар әскери дәстүрлермен танысып, ұландықтар қызметінің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы кеңірек мағлұмат алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады

Бүгін 18:15

Қазақстанның жасанды интеллектіні дамыту саласындағы тәжірибесі ТүркПА-да таныстырылды

Бүгін 18:07

Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Бүгін 18:00

Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Бүгін 18:00

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);